Атты полицейлердің атқарғаны көп

Атты полцейлердің тындырғаны көп
Атты полцейлердің тындырғаны көп

Атты полицейлердің атқарғаны көп. Құрылған 5 жылдың ішінде қайта қысқарып, тұлпарлары таратылғанына қарамастан кавалер ротасының қызметкерлері бірнеше қылмыстық істің бетін ашты. Әсіресе жаңа құрылыс жүріп жатқан аудандарда атты әскер аса қажет-ақ. Өйткені ол жерлерде жолдар әлі салынбаған.

Пердебек Айжанов: «Мұнда бізде атты полицейлер кезекшілік етеді. Олардың жұмысы жайлы ешқандай сын айта алмаймын. Мұнда тұрып жатқаныма 3 жыл болды. Патрульдік полиция қызметкерлері күндіз де, түнде де, тіпті мереке күндері де тыным таппай жұмыс істеп жүреді. Ал бұл қылмыстың алдын алуға ең жақсы профилактика деп білем. Бізде жаңадан соғылған үйлер көп болғанымен, осы күнге дейін солардың біріне ұры түсіпті дегенді естігенім жоқ».

Патрульдік полиция қызметкерлері күннің ыстық-суығына қарамастан жұмысын тәулік бойы кезекшілікте жүреді. Мамандардың айтуынша бұл қызметте ер қанаты — тұлпардың да шыдамды болуы маңызды. Айта кету керек, атты полицейлер Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге аймақтарында да бар.