Елімізде жеке кәсібін дөңгелетемін дегендерге барлық мүмкіндік бар. Үкімет тарапынан кәсіпкерлердің ыңғайына қарай түрлі жеңілдіктер жасалынуда. Жасалына да бермек. Әсіресе, бизнесін өркендетушілердің мемлекетке төлейтін салық мәселелерін оңтайландыру уақыт талабы болып отыр. Биыл Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалардың арнаулы салық режимінде бірқатар өзгешелік бар.
Оған сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтарынан кейін бір жолғы талон қолданыстан шығады. Оның орнына кәсіпкерлер Заңда көзделген патент немесе оңайлатылған декларация талаптарына сәйкес ұсыныс бере алады. Яғни, аталған салық режимдері бір жолғы талонның орнын ауыстырады. Бұл ретте, жеке тұлғалар жаңа салық түрлерін ұсынған жағдайда оларға бір жолғы талон берілмейді. Ал азаматтар 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджетпен есеп айырысуды жеңілдетілген салық түрлерінің қолдану талаптарына сәйкес болмаса да, бір жолғы талон негізінде жүргізе алады.
«Орталық қырғы базар», «Гауһар тас», «Ернұр», «Ернұр Л», «Латиф», «Назым апа», «Балдыберек», «Дауреханова» (жер асты жолы), «Қарабастау», «Рембыттехника», «Дархан», «Зияш ана», «Қазыбек», «Жамалбек қажы», «Алтын базар» (Қонаев даңғылы бойында), «Акбар», «Оптовик» базары сатушыларының назарына!
Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы 2013 жылдың 1 қантарынан бастап базар аумағындағы бір жолғы талон негізіндегі салық түрінің жойылатындығын хабарлайды. Жеке кәсіпкерлер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін салық органдарында мемлекеттік тіркеуге тұруға және салық режимдерін таңдауы тиіс. Уақытында тіркеуге тұрмағандарға әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді.
АНЫҚТАМА телефоны: 41-32-67