Елбасының оңтүстіктегі сапарынан фотокөрме ашылды

халықпен бірге би билеуде

Елбасы Оңтүстікте! Үнемі теледидар арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары кезіндегі сәттерін көретін жұртшылық бүгін оны дәрігер халатымен, театр өнерпазының костюмімен, фабрика жұмысшысының формасымен көруге мүмкіндік алды. Қаладағы көркемсурет галереясында елбасының өңірге келгендегі сапарынан түсірілген бірегей суреттердің көрмесі ашылды.

 

Мынау ақ-қара түсті суреттер осыдан 20 жыл бұрын түсірілген. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындағандаған елдердің бірі Түркия Республикасының Президенті, премьер министрлерінің Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтауға келген сәттері. Жергілікті басылымдардың бірінің фотографы Әбдуғали Розметовте сол кезде редакция тапсырмасымен сапардан суреттер түсірген. Бүгін міне жариялағанбаған кейбір жұмыстары көпшілікке көрсетілді. Фотограф үшін 100-ден аса еңбегінің ішінде ең бағалысы да бар. Мәселен сол кездегі сапардан соңғы елбасының оңаша қалғандағы сәті. 

Әбдуғали Розметов, фотограф: «Бұл сәтті мен кездейсоқ және алыстан түсірдім. Елбасы қонақтарды шығарып салып, алдағы жоспарлары жайлы терең ойланып тұрған сияқты. Бүкіл елдің қамын ойлап, басқару оңай шаруа емес қой. Екі кадр алдым. Соған өзім қатты қуандым».

 

Мына суретте Президент өзбек драма театрының ашылу салтанатында әртістермен сахнаға сай костюммен тұр. Ал мына фотографтың жұмысында елбасымыз ағайынның қуанышын бөлісіп, елді көңілдендіріп билеуде.

Құс фабрикасының ашылуындағы еңбеккерлермен түскен суреті де сақталыпты. Кәсіби фотографтармен бірге көрмеге әуесқойларда жұмыстарын әкеліпті. Барлығы да үлкен еңбекпен дүниеге келген дейді ұйымдастырушылар.

Бұл суреттердің кейбірі кітап беттерінен орын алған. Бірі алғаш рет көрермендерге көрсетіліп отыр. 1-ші желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмені 4-ші желтоқсанға дейін тамашалауға болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zAZQHoVYr4k[/youtube]