Еркінай Оразова: «Отырар» мені өмірге үйретті

Қызы -Әдемі
Еркінай жұбайымен бірге

«Отырар» мені тек журналистикаға ғана емес, өмірге де үйретті. Көптеген тілшілердің алғашқы баспалдағы болып, журналистика әлемінде қанат қақтырған «Отырар»  телеарнасы туралы сырын ақтарған тағы бір журналистің  пікірі бұл. Еркінай Оразова өмірлік сабақ алып, түлеп  ұшқан орта туралы тек қызықты тұстарды айтудан шаршамақ емес.

Шығармашылығын дамытып, біліктілігін шыңдаған Еркінай мектепті бітіре салысымен осынау қызығы мен қиындығы қатар жүретін әлемге араласып кетті. 2004 жылы караша айында келіп, 2007 жане 2008 жылдары қарымы мен талабын байқап көру үшін өз саласында түрлі байқауларға қатысты. Жүлдегер де атанды. 2008 жылы «Жас Қазақстандық» байқауына қатысып, ең жас, табысты жастар бағдарламасының «Үздік редакторы» номинациясың иегері атанды. «Жас толқын» жастар бағдарламасының редакторы, одан соң «На самом деле» хабарының бас редакторы болып қызмет атқарып, жаңалықтар қызметіне араласып жүрді.

Қызы -Әдемі

 

«Шын мәнінде «Отырар» телеларнасы мені тек журналистикаға ғана емес, өмірге де үйретті. Өзімді ортада қалай ұстауды, кіммен қалай сөйлесуді, өзіме керек дүниелерге қол жеткізуді, бір сөзбен айтқанда өзімді өзім тәрбиелеуді үйретті. Менің мектебім деп батыл айта аламын»,-  дейді Еркінай.

Бүгінде ол Әдемі есімді сұлу қыз бен Айдынбай есімді ұлды тәрбиелеп отырған бақытты ана. Алла жазса, ұл-қыздарын қанаттандырып, алдағы уақытты жұмысын қайта жалғастырмақ ниетте.

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r2kFw7Anbqw[/youtube]