Мәскеуде құлдықта болған шымкенттіктер елге оралды

Ресейде құлдықта болғандар елге оралды

 

Ресейде құлдықта болғандар елге оралды

Он жыл бойы Ресей астанасындағы дүкендердің бірінде құл болған екі жерлесіміз бүгін Шымкентке келді. Екеуі де дін аман, бірақ еңбегі үшін көк тиын да ұстатпаған. Естеріңізде болса бұған дейінгі жаңалықтарымызда Қазығұрттық келіншек Мәскеуде дүкен ашып, шымкенттік және өзбекстандық азаматтарды тегін жұмысқа жеккенін айтқанбыз. Тіпті дүкенге қамап тастап әбден қинаса керек. Оларға Қазақстанның сыртқы істер министрлігі көмектесті. Құжаттарын реттеп,елге қайтарып алған. Ал дүкен иелері Ресей заңдарына сәйкес жазаланады. Өйткені Қазығұрттан кеткеннен соң олар Ресей азаматтығын алып үлгеріпті. Бұл туралы сыртқы істер минитрлігінің ресми өкілі хабарлады. Дәл осында оқиға Омбы облысында да болды. Онда екі қазақстандықтандықтың құлдықта жүргені анықталды.

АЛТАЙ ӘБИБОЛЛАЕВ — ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕМСИ ӨКІЛІ: «Атап айтар болсақ фермерлік қожалықтың басшысымен оның көмекшісі, Қазақстан республикасының екі азаматын зорлықпен құлдыққа алып отырған деген ақпарат бізге келіп түсті. Қазіргі таңда аталған тұлғалардың азаматтыңын анықтау мақсаныда біз ОМСК қаласындағы біздің консулдық бөлімімізге тиесілі сауал жолдадық».

Егер қазақстандық құлдардың азаматтығы расталса, олардың материалдың және моральдық көмек алуына көмектесеміз деді ресми өкіл.