Мемлекеттік бағдарлама аясында 30 отбасы баспаналы болды

281
30 отбасы баспаналы болды
30 отбасы баспаналы болды

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-ші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша өңіріміздегі 480 отбасы жыл соңына дейін баспаналы болмақ. Осы топтың алғашқы легі пәтер кілтін алып үлгерді.

Бүгін Бекжановтар отбасында үлкен мереке. Үш бөлмелі пәтер, су жаңа пәтердің кілтін Айгүл Бекжанаова мемлекеттік бағдарламасы негізінде алып отыр. Енді оның бала-шағасы жаңа мектепке, балабақшаға баратын болды. Өзі жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы аясында жұмысбасты болмақ. Осы уақытқа дейін ата-анасының зейнетақысымен күн көріп келген әйелдің қуаынышында шек жоқ.

Айгул Бекжанова:»Біз Арыстың Тардыкөл деген жерінен келдік. Өміріміз қиын болды. Жақын жерде мектеп, балабақша болмады. Төрт баламмен жұмыссыз отырдым. Енді біз Шымкентте өмір сүретін болдық. Балаларым қаланың жаңа да, әдемі мектептеріне баратын болды. Өзімді жұмысқа орналастырып береді. Бақыт деген осы емес пе?»

Жыл соңына дейін экономикалық депрессивті аймақтардан 480 отбасы жаңа пәтерге қоныстанады деп күтілуде. Ауылдан бастап, қалалықтар да бұл үйден мүдделі.Ең бастысы үміткерлердің құжаты дұрыс болса болғаны.

Қайрат Молдасеитов, Шымкент қаласының әкімі: «Біз өзіміздің ғана емес, өзге өңірдің де әлеуметтік аз-қамтамасыз етілген

Жаңа пәтерлі болған отбасылардың қуанышын облыс әкімі бөлісті

отбасыларын үймен қамтып отырмыз. Мұның барлығы  Елбасының салиқалы саясатының арқасы.  Алайда бұл бағдарламаның өзіндік ережелері де бар. Қалада үш жыл тұруы керек, сол уақыт аралығында жұмыссыздар мен баспанасы жоқтардың қатарында болуы шарт».

Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларының барлығы жаңа баспанамен және жүмыспен қамтылады. Олардың жалақысының көрсеткіші-50-70 мың теңгені құрайды. Алайда, жұмыстан бас тартып, жұмыссыз қалса, үйлері мемлекетке кері қайтарылатын болатын. Яғни, жалқаулармен қоян қолтық жұмыс істей алмаймыз дейді бағдарламаны орындаушылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cMt7WAZFcW4[/youtube]