«Нұр Отанға» келетіндер көп

Жалпы облыс көлемінде «Нұр Отанда» 16 қоғамдық қабылдау жұмыс жасайды
Жалпы облыс көлемінде «Нұр Отанда» 16 қоғамдық қабылдау жұмыс жасайды

«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне соңғы 10 айда көмек сұрап, 4759 өтініш түскен.

Жалпы облыс көлемінде «Нұр Отанда» 16 қоғамдық қабылдау жұмыс жасайды. Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен 4759 арыз-шағымның 2507 жазбаша, 2252 ауызша.

Негізінен тұрғындар құқық қорғау органдарына деген өкпе-назын айтып келеді. Мысалы, жазбаша түскен 2507 өтініштің 111 немесе 4,4%-ы – соттың шешімімен келіспеу және сот шешімінің орындалмағаны жөнінде. Келіп түскен өтініштерді тиісті сала басшылығына жолдай отырып, дер кезінде шешім табуына мұрындық болып келеміз.

Осылайша, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарына жолданған 2148 өтініштің 2001-іне жауап берілген. Тарқатып айтар болсақ,оның 1642-не немесе 82,1% оңтайлы шешілді. Қабылдау бөлмелеріне ауызша өтінішпен келген 2252 азаматтың 1421 немесе 63,1% заңгерлік кеңес, 175 немесе 7,8% партия және партия бағдарламалары туралы ақпараттар берілді.

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық талап-тілектерін дер кезінде және әділ шешу мақсатында 2012 жылдың 10 айында барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын және мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшыларын қатыстыра отырып, 304 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 1429 азаматтың мәселесі қаралып, оның 957 немесе 67% оң шешімін тапты.

«Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының ұйымдастыруымен өткен депутаттық 130 қабылдауларға 768 азамат өз өтініштерімен келді, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 5 қабылдау өткізіп, 39 азаматтың өтінішін қарап, оның 22 оң шешімін тапты. Облыстық мәслихаттың депутаттары 32 қабылдау өткізіп, 458 азаматтың өтінішін қарап, оның 273-нің ісі шешілген. Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары 93 қабылдау өткізіп, 271 азаматтың өтінішін қарап, оның 124 шешім тапты.

Қоғамдық қабылдаулар барысында «Жол картасы» бағдарламасының «Жастар тәжірбиесі» бойынша 292 азамат, «Ақылы қоғамдық жұмыс» бойынша 238 азамат жұмысқа орналастырылды.

2012 жылдың 10 айында 97 азаматтың 5307609 теңге еңбекақысы өндіріліп берілді. Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және аудан орталықтарында өткізілген көшпелі ашық қабылдаулар бұқаралық ақпарат құралдарында және телеарналарда кеңінен жарияланып отырды.

Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары атқарушы органдардың басшылары мен облыс тұрғындарының арасындағы «Алтын көпір» рөлін атқарып отыр.

Иса ТАСБОЛАТОВ, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fdNRGFz26jM[/youtube]