«Назарбаев» университетінде оқуға үміткерлер іріктеліп жатыр. Шымкентте 5-ші Президенттік олимпиаданың екінші туры басталды. Онлайн режимдегі олимпиадаға тек 11-сынып оқушылары қатысты. Оған облыс аумағынан ең үздік 11 қыз-жігіт іріктелген. Үміткерер бұл мүмкіндікті жібермеуге тырысуда. Тек үздіктердің үздігі қатысқан олимпиадада тек мықтылар жеңіп шығатынына сенімді олар.
Үміткерлер химия, физика , математика мен биология пәндері бойынша бақтарын сынап жатыр. Ал сыртта шәкірттерін тағатсыздана күтіп тұрған ұстаздар да абыржулы. Өйткені бұл нағыз білімділердің сайысы болмақ.
«Алғаш рет президенттік олимпиадаға оқушымды қатыстырып отырмын. Маған ұнағаны, жарыс өте әділ өтті. Бірінші турда қатысушылар төрт пән бойынша бақылау жұмыстарын шешіп, тиесілі балдарын алды. Мұндай жарыстар әсіресе мектепті бітіргелі отырған оқушылар үшін өте қажет. Олар өздерін бақтарын сынай отырып, түрлі жолдамаларға ие болып, ЖОО-на түсіп кетуге мүмкіндігі болады»,-деді Түркістаннан келген химия пәнінің мұғалімі Шарапат Тайбекова.
Президенттік олимпиада республика бойынша бір мезетте өткізілді. Қуантарлығы, бұл сынақтың болашақ түлектер үшін маңызы зор. Олар еліміздегі белді ЖОО-на тегін түсуге жолдама алады. Бастысы Назарбаев университінінің студенті атануы мүмкін.
«Біз оқушыларға бірінші бөлімде 90 минут уақыт бердік. Олар осы уақыт ішінде төрт пәннен берілген бес-бес сұрақтың жауабын шешуі тиіс болатын. Одан соң 45 минуттың ішінде алты еркін тақырыптың біреуін атңдап, эссе жазды. Біз осы екі сынның балдарын қосып, республикалық жарысқа жолдама береміз. Онда жеңіп шықса, Назарбаев университетінің студенті немес өзге де ЖОО-на түсуге мүмкіндігі болады»,- дейді Астанадан арнайы келген өкіл, ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Дарын» республикалық-практикалық орталығының маманы Әлия Нұрғалиева.
Бүгінгі олимпиаданың қорытындысы қарашаның 22-сінде «Дарын» республикалық-практикалық орталығының сайтында жарияланатын болады. Одан соң оқушылар Астанада үшінші турда білімін дәлелдеуі тиіс. Алайда үміткерлер үшін ол кезде қандай сынақ болатыны әзірге құпия ұсталуда.