ОБСЕ өкілдері Шымкенттегі игі істермен танысты

239
Басқосу барысында келер жылға жоспар құрылды
Басқосу барысында келер жылға жоспар құрылды

Оңтүстікте мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы ұтымды жүзеге асырылды. Бұған тәнті болған ОБСЕ-нің өкілдері өңір басшылығына алғыс білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов қонақтарды қабылдап, келер жылы да бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Ал өткен жылды сараптаған орталықтың Астанадағы басшысы Наталия Зарудная оралмандарға осы өңірде жасалған жағдайды өзге аймақтарға үлгі етуге болатынын атап айтты.

Наталия Зарудная, ОБСЕ-нің Астанадағы орталығының басшысы:»Сіздерде оралмандарға жақсы жағдай жасалған. Баспаналы, үйлерінің алдында жылыжай. Қандастарымызды бауырымызға басып қана қоймай, заман көшіне ілістіріп, құқығын таптатпай өмір сыйлау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан бағдарлама аясында жасаған еңбектеріңізге мың алғыс».

Оңтүстікке ат басын тіреген топ ертең тарихы қала Отырар мен Түркістанды аралайды. Содан кейін адам құқығы мен оның бостандығы төңірегіндегі тренинг-семинарлар өткізбек.