Бұған дейін тәуелсіздіктің құрдасы, сонау қиын-қыстау кезде құрылып, бүгінде тілшілердің мектебі бола білген «Отырар» телеарнасы өзінің 20 жылдық жасын тойлағанын айnқан болатынбыз. Таңғы сағат 10.30-дан бастап кешкі сағат 19.00-ге дейінгі уақытта тікелей эфирде халықпен бірге болған арна ұжымын құттықтап келушілердің саны шексіз болды.
Біздің қызметкерлерімізді құттықтап, ерекше сыйларын ала келді. Соның бірі барлығымызды таң қалдырған суретші Нұрсейт Ибрагимовтың сыйы болды.