«Шымкентмай» АҚ «Вкусняшка» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Жүзден аса қатысушы тәтті тағам, тіл үйірер дәмдерінің мәзірін қазылар алқасының назарына ұсынды. Тек онға жуығы ғана озып шықты.
«Шымкентмай «АҚ қызықты жарыс ұйымдастырды. «Мадлен» кондитерлік дүкенінде «Вкусняшка» байқауының жеңімпаздарын марапаттап жатыр. Бұл күні дастархан үсті қатысушылардың ұсынған мәзірімен дайындалған тәттілерге толы болды. «Шымкентмайдың» бұл бастамасына кез келген тілек білдіруші қатысуға мүмкіндік алды.
Харипова Наталья,«Шымкентмай» АҚ-ның қаржы директоры: «Біз өз тұтынушыларымызбен етене танысу үшін де осы байқауды ұйымдастырдық. Бұл өндіруші мен тұрақты тұтынушы арасындға қарым қатынасты күшейтері даусыз».
Бауырсақтар, тауық етінің орамалары, сан түрлі салаттар… Байқау шарты бойынша барлық тағам мәзіріне тазартылған, иіссізденлірілген «Доня» мақта майы қосылуы тиіс. Жоғары сапалы «Доня» майының ерекшелігін ғана емес, әрбір қатысушы тіл үйірер дәмділерімен де дәріптей алуы шарт.
Харипова Наталья,«Шымкентмай» АҚ-ның қаржы директоры: «Әрбір қатысушы рецептері электронды поштаға жіберді. Қазылар алқасы ретінде «Мадленнің» кәсіби аспаздарын шақырдық».
Төрт апта бойы жинақталғандардың арасынан қазылар алқасы ең үздік он тағам мәзірін таңдаап алған. Сол ондықтың үздігін бүгін анық болды. Ол шымкенттік Назипа Оразбаева. Жеңімпаз «Шымкентмай» АҚ өткізіп тұратын барлық акцияларға жиі қатысатын болып шықты. Аспаздар арасында жеңіске жетуге шеберлік қана емес, «Доня» майының да сапасы әсер етті дейді жеңімпаз.
Назипа Оразбаева, жеңімпаз: «Мен тәтті бауырсақтар мен дәмді палау пісірдім. Маған «Доня» майының сапасы ұнайды, тағамға ерекше дім береді».
Акцияға жүздеген қатысушы атсалысқан. Жеңімпаз атанған назипа Оразбаеваға теледидар, екінші орынды жеңіп алған парида Орманова қуырма ыдыс, 3-ші орынды місе тұтқан Оксана Сартаковаға «Мадленге» баратын 10 мың теңгеге абономент табыс етілді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XeB8_NxsXU4[/youtube]