Шымкентте базардың қақ ортасында ойын бизнесін қыздырғандар ұсталды

Құмар ойындарының ордасы табылды

 

Құмар ойындарының ордасы табылды

Базарда құмар ойынының көрігі қызған. «Теріскей» шағынауданында астыртын жолмен жұмыс істеп келген Казино анықталды. Ойын бизнесіне тыйым салынғанына қарамастан базардың ортасында арам ақша тапқандар жауапкершілікке тартылып жатыр.

Қаржы полициясының қызметкерлері түнгі сағат 11-лер шамасында дәл осы Камшат ғимаратында заңсыз жұмыс істеп тұрған казиноны тапты. Бірінші қабатты тексеру кезінде электронды рулеткалар мен ойын автоматтары тәркіленген.

Камшат ғимаратына біздің түсіру тобы да барып көрді. Нысанның бірінші қабаты тым-тырыс, есігі құлыптаулы. Бірақ аз уақыттың ішінде бірнеше ойынқұмарлар келіп еді, түсіру тобын көріп, тұра қашты. Осы маңда жүрген азаматтар құмар ойынның ордасынан бейхабар.

Жыл басынан бері қаржы полициясының қызметкерлері осы сияқты 20-ға жуық құмар ойын нысандарына құрық салған. Соның нәтижесінде 100-ден астам ойын автоматтары тәркіленіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BFIX6kdIKW4[/youtube]