Шымкенттегі түрмеде үйлену тойы өтті

573
Түрмедегі той

 

Түрмедегі той

Шымкентте ерекше үйлену тойы өтті. 6 жылдан бері бір-біріне ынтық болған ғашықтар некесін абақтыда қиып отыр. Жас жұбайлар бұл күнді 6 жыл бойы күткенін айтады. Енді қалыңдыққа толыққанды отбасы болу үшін жұбайын тағы 5 жыл күтуге тура келеді.

Бәрі де кәдімгі тойдағыдай. Мендельсон маршы, той көйлегін киген қалыңдық. Тіпті, неке жүзіктері де алтыннан. Тек күйеу жігіт тұтқын киімінде. Ал, некелесу рәсімінің күәгері – түрме әкімшілігі. Қонақтар да санаулы. Алеся мен Константин бұл күнді 6 жыл күтті. Екеуі осыдан жеті жыл бұрын танысыпты. Екі жылдан соң Костя есірткі тасымалдағаны үшін он жылға сотталған. Содан бері ғашықтар бір бірімен кездесе алмаған. Өйткені түзеу мекемесінің тәртібі бойынша жазасын өтеушілерге тек туыстарымен ғана кездесуге рұқсат. Бастапқыда жазасын Ақтауда өтеген Константин туберкулезге шалдыққан соң, Шымкенттегі арнайы түзеу мекемесіне ауыстырылған.

Тойда спирттік ішімдіктер тыйым салынған. Түрмедегі той түзеу мекемесінің қызметкерлері үшін таңсық дүние. Талай жыл қызмет еткендердің өзі мұндайды естей алмайды. Бірақ, жазасын өтеушілердің темір тордың ар жағында болсын отау құрцға деген ниетін мекеме әкімшілігі жақсылыққа жорып отыр. 

Жаңа құралған жанұяның шаңырақтың астында толық жиналуына тағы бес жыл бар. Бұл Константинге кесілген жаза мерзімінің аяқталуына қалған уақыт. Ал, оған дейін үйлену тойдың құрметіне түрме әкімшілігі жас жұбайларға кездесуге рұқсат етті. 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RjFQFR9iqO8[/youtube]