«Түрмедегі адамның жазасын жеңілдетіп беремін» деп 300 мың теңге алған

57

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, таныс емес әйел түрмеде жазасын өтеп жатқан інісінің «жазасын жеңілдетіп беремін» деп 300.000 теңгесін алып, ізін суытқан.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті тәулік ішінде тұрғылықты жерінен қолға түсті. Ол 37 жастағы бұрын алаяқтығы үшін сотты болған жергілікті тұрғын екені анықталды.
Белгілі болғандай, күдікті әйел сотталған інісіне қорғаушы жалдап беремін деп алдап, одан ақша алған. Ол олжалаған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Сондай-ақ оның алаяқтық бойынша бұдан басқа бір жәйтқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.