Қала күнін тойлау Әл-Фараби алаңында жалғасты

314
Ал жастардың көңілін аулауда Мақпал Исабекова да қалыс қалмады. Жаңбырдың жауып, ауа райының қолайсыздығына назар аудармаған әнші жастардан қанша ән орындауы қажеттігін сұрады. Осылайша мерекеде әннен шашу шашқан әнші қалаған ән-тартуын сыйлады көпшілікке.
Қала күнін тойлау Әл-Фараби алаңында жалғасты. Концерт көруге келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Мыңдаған астам тұрғынның басын қосқан ауқымы кең шараға республикамыздың танымал өнерпаздары келген. Кешкі сағат 18-00 де басталған мерекеге жастар қауымы сағат 17-00-ден бастап жиналды.
Кештің көркін қыздыру үшін сахна төрінде бірінші болып «МС»-лер көтерілді. Түрлі танымал әндер айтып, көпшіліктің көңілін аулады. Ауа райының суықтығын сезіндірмеу үшін өнерпаздар би билеуді ұсынды, әрине. Белсенді тұрғындар қосыла ән айтып, би биледі.
Шымқаланың туған күнін көңілдірек әрі ерекше екпінпен тойлаған тұрғындар түрегеліп тұрып өнер иелеріне қошемет көрсетті. Сахнаны айнала қоршаған олар, бұл мерекені асыға күткендері бірден-ақ байқалды.
Сахнадағы бишілерге қарап жиналған жастар «Флэшмоб» ұйымдастырды. Бұл көрініс жастардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Осылайша мерекелік кеш жандана түсті.
Ал жалпы сахнаның шымылдығын әншілерден «Шымкентім» әнін шырқап, жас әнші Асыл Жандәулет ашты. Қазақы табиғатты кіріктірген әнінің әуені де ерекше әсер сыйлады көпшілікке.
Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтар «Жанұя» әнін шырқады бұл мерекеде. «Отан отбасынан басталады» деген жас әншілердің әні қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Осылайша сахнада алдымен жерлес әншілеріміз Шымкенттің көркі мен қасиетін әнге арқау етті.
Ал бұл мерекеде жастар керемет көңіл күйде болды. Бақытжан мен Айжанның әндеріне қосыла кетіп, бірге билеп, жас әншілердің де мәртебесін көтерді. Осыған қарап-ақ жас отбасылық өнер тобының мерейін байқап-та қалдық.
Бұл күні шымкенттік жас өнер иелері Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтармен сұхбаттасқан болатынбыз. Таңданатыны – жас әншілер қала күнін осылайша тойлап жатқанымен, Шымкенттің өткенінен хабары жоқ болып шықты. Қала Шымкент есімін қашан иеленгенін де білмейтінін мәлімдеді әншілер.
Ал сахнаға жастардың сүйікті әншісі, кештің басты қонақтарының бірі — Ерболат Құдайбергенов шыққанда жастардың қуанышытары қойнына сыймағыны анық байқалды. Бір қызығы сол – Ерболат Құдайбергенов сахна төріне көтерілісімен, жаңбыр толассыз жауды. Алтын күздің жапырақтары да асапаннан жауып ерекше әсер қалдырды. Жаңбыр мен ағаш жапырақтары қосыла жауды. Алғашында келген көпшілік мұны ұйымдастырушылар жасаған арнайы жоба деп түсінген-ді. Кейінірек табиғи құбылыс екенін білді. Ал әнші бұл құбылысты тарихи оқиғаға балап отыр.
Жауынның жауғаны, ауа райының қолайсыздығы — алаңға жиналған жастардың мерекелік көңіл күйіне әсер етпеді. Қайта би билеп, Ерболатпен бірге ән айтып, мерекені тойлады.

 

Ал жастардың көңілін аулауда Мақпал Исабекова да қалыс қалмады. Жаңбырдың жауып, ауа райының қолайсыздығына назар аудармаған әнші жастардан қанша ән орындауы қажеттігін сұрады. Осылайша мерекеде әннен шашу шашқан әнші қалаған ән-тартуын сыйлады көпшілікке.
Шымкент қалалық әкімдік ұсынған ауқымы кең шараға жалпы саны 5 әнші өнер көрсетті. Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтар мен Асыл Жандәлет — жерлестеріміз болса, Ерболат Құдайбергенов, Мақпал Исабекова, Доминик Джокер — кештің арнайы қонақтары. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, жасыл шелекті қаламыздың туған күні де осылайша айрықша аталып өтті. Шырайлы Шымқаланың кеші түннің жарымына дейін жалғасты