Шымкенттік мешіттерде жамағат бір намазды түрліше оқып жүр

 

Мұхамеджан Естеміров «хиджабтың» мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналған үлгілері пайда болғанын мәлімдеді

Мектепте, жоғарғы оқу орнының қабырғасында хиджаб киюге болмайды. Жастармен кездесуде осылай мәлімдеген облыстық «Абдул Хамид Қаттани » мешітінің наиб имамы хиджаб үлгісіндегі мектеп формасы мен заманауи арнайы киімдердің пайда болғанын айтты. Діни экстремизммен күресуге бағытталған жиында жастар көкейінде жүрген сауалдарды бүкпесіз қойды.

Рысалды Атығаев, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық институтының студенті: «Жасыратыны жоқ, бүгінде мешітке барып намаз оқып жатқанда жамағаттың әр түрлі үлгіде намаз оқуы бізге түсініксіз. Неліктен намазға бұрмалаушылықтар болады? Неге бұл адамдар әр түрлі қимыл-әрекеттер жасап, намаздан тыс оғаш істерін кіріктіреді. Мәселен, біз намазды басқаша, олар басқаша бастайды. Сонымен қоса, бастапқыдағы намазалдын қолдарын реттеп тұруы да тіптен өзгеше. Бұған қарап, шошына қараймыз. Алайда уақыт өте келе дұрысталар дегенмен, күн санап мұндай намаз оқушылардың қарасы қалыңдап келеді. Осы бір түсініспеушілікке қашан тосқауыл қойылады екен? Қашан бұрмалаушылық тоқтайды? Бұл әдепсіздікті қалай доғаруға болады? Міне, осы сауалдарды Мұхамеджан Естеміровке қойдым. Ал наиб имам шарасыз екенін айтты, тек түсіндірме жүргізумен ғана шектелетінін жеткізді. Сонда қалай, бұл бассыздық жалғасатын түрі бар болып шыққаны ғой. Сонда дәл Алланың үйінде отырып, қитұрқы әркеттерін жасап отыра бермек пе?! Енді не істейміз? Дәл қазіргі уақытта бауырымдай көретін достарым да осындай кері ағымдардың жетегіне еріп барады. Көз алдымда. Сондықтан, мен де дұрыс жолды насихаттап, достарма, жақын туыстарма көрген жерде айтып, түсіндіріп жүремін. Бұл менің парзым деп білемін. Ал жаңағы адасқан достарыма кеш болмай тұрғанда мейірімі шексіз Аллаға мойынұсыныңыздар дегім келеді». 

 

Шымкенттік мешіттерде жамағат бір намазды түрліше оқып жүр

Осылайша жастармен өткен жиында мешіттегі бей әрекеттер де ашық айтылды. Бүгінде тіпті Алланың ақ үйінде бір намазды жамағаттың түрліше оқуы күдік туғызатын болған. Имамдардың айтуынша, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп-ақ келеді. 

Мұхамеджан Естеміров, облыстық «Абдул Хамид Хаттани» мешітінің наиб имамы: «Әрине, мешітте мұндай жағдайлар болып жатқанын мойындаймыз, білеміз. Енді біз де шарасыз болып отырған жоқпыз ба?! Арнайы заң қаралмаған. Оның үстіне «Хизбут-тахрир» сияқты тығылып, артымыздан террористік топ құрып, бомба қойып жатпағанына шүкір дейміз. Қайта мешітте болса да көз алдымызда былығын жасап жүр. Біз олардың кім екенін, оған қоса  қайта жұмыс істеп, қайда жүретінін, тіпті тұрғылықты үйіне дейін жақсы білеміз. Арнайы тізімде тұрады олар. Сондықтан қолымыздан келгенінше, үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрміз. Бұл да болса, мұсылмандардың оң жолдан адасуына жол бермейді деп ойлаймыз, әрине. Олар мешітке келген бойда намазды бұзып, орындалып жатқан әрекеттер жайында жаңсақ пікірлерін дауыстап білдіріп отыруға талпынып-ақ бағады. Сол кезде біз де шариғат айтып, дұрыс бағдар беруден жалыққан емеспіз. Түрегеліп намаз оқуды бастағанда да өзге қимылдармен өзгелерден бөлініп тұрады. Бұл олардың дінге іріткі салып, Исламға нұқсан келтіруге арналған арнайы жобалары деп білемін. Сондықтан, біз діни экстремизмге қарсы рухани қарулы күштерімзді барымызша қолданып жүрміз. Енді жамағттың дұрыс сенімге бой ұруы қоғам назарында болады. Сонымен қатар, мынау хиджаб мәселесіне тоқталсам, хиджабтың қазір жаңа ұлгілері шыққан. Мәселен, мектеп оқұушысы етек-жеңі ұзын мектеп формасын киеді. Былай қарасаңыз, ол кәдімгі мектеп формасынан еш айырмашылығы жоқ. тіпті аңғармайсызда айырмашылығын. Тек мектепке қолайлы болуы үшін үлгілері де осындай болып тігілген. Дәл қазіргі уақытта Шымкентте осындай мектеп формаларын немесе өзге де заманауи «хиджабты» тігетін 4 тігін орталығы жұмыс жасап отыр. Енді мектепте немесе жоғарғы оқу орынында осы үлгідегі «хиджабқа» ұқсас киімдерді кие беруіңізге болады. Бұған жоғарғы жақ та рұқсатын беріп отыр «. 

Сонымен, алдағы күндері мешітте тәртіпке бағынбаған жастармен арнайы жұмыс жүргізілетін болады.