Спорттық сайыс ата-ана мен оқушылардың арасын нығайтуда себеп болмақ

Сайыста тек бірлігі жарасқан команда ғана жеңіске жетті
Қапшықпен секіру- ең қиын ойын түрі болды

«Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойын атап өту жалғасын табуда. Оған дәлел қаламыздағы №24 Саттар Ерубаев атындағы мектепте арнамыздың мерейтойына орай өткізілген «Әкем, анам және мен» атты отбасылық  спорттық сайыс өтті.

Икемділікті тексеретін сынақ жіптен өткенде тексерілді

Спорттық жарысқа 4  отбасы мүшелері қатысты. «Тұлпар», «Барыс», «Толағай» топтарымен қатар «Ата-анасыз бір сағат» балалар бағдарламасы ұжымынан құралған «Сұңқар» тобы да бағын сынады.

Қатысушыларды қолдауда жанкүйерлер ерекше белсенділік танытты

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Онда арқан турту мен ептілікті байқайтын жылдамдыққа жүгіру, допты алып мәреге біріші жету сында талаптар қойылды. Тапқырлық таныпы, ептілігін көрсете білген топқа жанкүйерлер де қолдау көрсетті. Ал әділ қазылар алқасы оларды үштік, төрттік, бестік бал көрсеткіші арқылы бағалады.

Арқан тартуда «Толағай» тобы мықтылық танытты

Бір сағатқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Қорытынды бойынша «Сұңқар» тобы жеңіске жетіп, кубокқа ие болды. Яғни, «Ата-атасыз бір сағат » балалар бағдарламасының ұжымы жеңімпаз атанса, екінші орын «Толағай» тобына бұйырды.

Сайыста тек бірлігі жарасқан команда ғана жеңіске жетті

№24 мектептың директоры Ұлжадғас Әшімқызы өз сөзінде мұндай сайыстарды жиі өткізіп тұртынын жеткізді. Бұл оқушылардың бос уақытын тдұрыс ұйымдастыруда, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда тиімді болмақ. Сонымен қатар «Отырар» телеарнасымен жұмысын нығайта түспек.

Жеңімпаз -«Сұңқар» тобы