Түркістанда тоғыз айдың ішінде 1119 қылмыс тіркелген

389
Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі

Түркістанда соңғы үш жылда 158 білім беру мекемесі бой көтерген. 170 елдімекен ауызсумен қамтылып, жаңадан 133 медицина нысаны ашылыпты. Облыстың 80 жылдығы аясында Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар жайлы қала әкімі арнайы баспасөз мәслихатында баяндады. Әлеуметтік-экономикалық дамуы біршама көтерілген рухани қалада биыл 4 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Алайда, қылмыс саны азаймай отыр. Әкім бұған қалаға келген қонақтар кінәлі деп салды.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:»Жаңақорған, Шиелі, мына жақта Кентау, Созақтан келетін студентерден басқа, күнкөріс қамымен Түркістанға келіп, пәтер жалдап тұратын отбасылар көп. Күндіз саудадағы ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірімдер құқықбұзушылыққа көптеп барады. Алдын алу жұмыстары жасалып, шаралар көріліп жатса да  қылмыс еш тыйылар емес. Оны мойындаймыз, қылмыстық көрсеткішіміз артқа сүйреп келеді».

Облыстық мониторинг бойынша былтыр 8-орынға тұрақтаған Түркістан қаласы биыл екі сатыға жоғарыладын. Ендігі мақсат — туризм саласын дамытып, қонақтарға сапалы қызмет көрсету. Биыл Үкаша ата кесенесіне баратын жолды жөндеуге облыс қазынасынан қаржы бөлінген. Ал келер жылы бес жұлдызды қонақүй бой көтермек.

Рухани қаланың әкімі Түркістанның экономикалық, әлеуметтік дамуын, инфроқұрылымдық жүйелердің жолға қойылып келе жатқаны туралы толық ақпараттар берілді. Сонымен қатар, журналистердің сұрақтарына да жауап берді.  Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2012 жылдың 9 айында әр салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Есепті мерзімде қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға артып, 36 млрд. 460 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ауылшаруашылыққа — 32,5 пайызы, өнеркәсіпке — 16,9 пайызы, негізгі капиталға бағытталған инвестицияға — 26,5 пайызы және өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметке — 24,1 пайызы тиесілі.

Есепті кезеңде қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 6186,7 млн. теңгенің өнімі өндіріп, өткен  жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  2,3 пайызға артты. Ағымдағы жылы 6 кәсіпорын іске қосылды. Қала бойынша 673 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде  шағын және орта кәсіпкерліктің ашылуына байланысты 317 орын, «Ырыс» микро кредиттік ұйым арқылы 43 орын, Индустриалдық картаға енген  жобалардың  іске қосылуы есебінен 195 орын, жұмыспен қамту орталығы арқылы 66, іске қосылған инвестициялық жобалар арқылы 52 орын.

2012 жылдың 9 айында   белсенді іс-әрекеттегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9957  құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 % артқан.  Кәсіпкерлерлік субъектілері 30 млрд 8 млн теңгенің өнімін өндірді. Есепті мерзімде  «Максимум» АИО арқылы 68 жоба 315,5 млн. теңгеге  тапсырылып,  222,2 млн теңгеге  32 жоба  қаржыландырылды. Өткен жылмен  (01.10.2011 ж.  84 жоба 94,5  млн. теңге) салыстырғанда  қаржыландыру 2,3 есеге  өскен.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу бойынша тегін сервистік қызмет көрсету жөнінде 85 өтінім және кәсіпкерлік субъектілер басшыларын оқыту бойынша «Югнак» ЖШС басшысы Абдуллаев Нұрсұлтан «Назарбаев Университеті» АҚ оқудан өтті.Қаладағы ет өнімдерін шығаратын «Түркістан» селолық тұтыну кооперативінің өндіріс кешеніне баратын жалпы құрылыстың құны 72,7 млн теңгені құрайтын, ұзындығы 2,1 км автомобиль жолын салу жобасы мемлекет тарапынан іске асырылуда.