Тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жалғасуда

486
тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асуда

 

тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асуда

Шымкенттегі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүріп жатыр. Өткен жылы тиісті мамандар үйлерге жөндеу жұмыстарын бастаған. Көпқабатты үйлердің шатырлары ауыстырылып, жертөлелерге жаңа инженерлік желілер орнатыла бастады. Бұл жұмыстардың алғашқы нәтижелері де жоқ емес.

Бұл үйдің тұрғындары енді шатырдан аққан тамшылар мен суға толған жертөле дегенді ұмытады. Олар тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасын пайдалануды шешіп, енді соның рахатын көріп отыр. Осында 30 жылдан бері тұратын Шолпан Асылбекова үйдің алғаш рет жөнделіп отырғанын айтады. Енді қысқа дайынбыз дейді.

Жаңғырту бағдарламасына қатысуға тұрғындар бірден келісіпті. Олар жөндеу жұмыстарына ақша төлесек те мейлі, тек жылдағыдай қыстың көзі қырауда бүрсеңдеп, атқылаған сумен арпалыспасақ болғаны дейді.

Алдымен тұрғындар әкімшіліктің басты талабын орындады. Яғни кондоминимумды тіркеп, есеп-шот ашты. Оған республикалық бюджеттен ақша аударылады. Содан кейін тұрғындар «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік компаниясына өтініш жазды. Ал тиісті мамандар құрылыс жұмыстарының сапасына кепілдік беріп отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкентте 25, Түркістанда 4, ал Отырар ауданында 9 үй жөнделеді. Бұл мақсаттарға жалпы сомасы 312 млн. теңге бөлінген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=X1nj-xUc6Ys[/youtube]