Жас жұбайлар ән айтудан жарысты

Гүлжазира мен Рауан бір-біріне сыйларын табыстауда
Қалалықтарды қарсы алған үрмелі аспаптар ансамблі

Бұл күні дендросаябаққа кірген қалалықтарды ерекше сый күтіп тұрды. Сұлулығы мен әсемдігі жарасқан жас жұбайлар арасында караокеде ән айтудан сайыс елімізде алғаш рет өтуде. Байқауға жаңадан отбасын құрған төрт жас жұбай қатысып, алғашқы сынақ бойынша өздерін таныстырды.

Келесі сын қос жұпқа берілген түрлі пішіндегі шарлар арқылы бір-біріне сый жасау еді. Әр жұп өзінше ешкімге ұқсамайтын тосын сый жасауға ұмтылып, бір-біріне деген нәзік сезімі мен сүйіспеншілігін білдірді.

Гүлжазира Нөсерова мен Рауан Қияқбаев 8 қыркүйекте отбасын құрыпты. Олар үйлену тойларының облыстың 80 жылдығымен тұспа -тұс келгенін жақсылыққа балайды.

«Мен жарыма шаңырағымыз биік, керегеміз кең болсын деген ниетпен шаңырақты сыйға тартсам, жұбайым маған шардан неке жүзігін жасап берді. Біз бұл байқауға қуана келістік және мұндай жарыстар жастар арасында сыйластықты ұлғайтады. Біз отбасымыздың жаңа шаңырақта құрылуын мерекемен байланыстырып, жақсылыққа балаймыз»,-деді Рауан.

Гүлжазира мен Рауан бір-біріне сыйларын табыстауда

Ал Мадияр мен Арай отбасын енді құрғалы отырған жұп. Бұл сайыста бақ сынауға бірден келіскен қос ғашық жарыстың сезімімізді одан әрі бекітіп, нығайтуда әсері көп деп есептейді.

Әр жұп өздеріне жақын әуенді шама шарқы келгенше орындап жатты. Ал ғашықтер мекенінде олардың өнерлеріне тәнті болған жас толқын өз бағаларын берді.

Арай мен Мадияр — бас жүлде иегерлері

Ерекше таныстыруымен, өнерімен, таланттарымен көзге түскен Мадияр мен Арай көпшіліктің қалауымен бас жүлдені жеңіп алды. Өзге қатысушылар да жүлдеден құр қалмады. Осылайша қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақсан облысының 80 жылдық мерекесіне арналған әдемі шара жастардың есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Ал Мадияр көпшілікті үйлену тойына шақырды.