Жауыннан Төлеби ауданындағы 2 үй құлап қалды

245
Достық ауылында бас аяғы 11 үйді су басып қалды

 

нөсерден кейінгі лайдан үйге кіріп шығу мүмкін емес.

Сенбі күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан аудандардағы үйлерді де су басып қалды. Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы елдімекендердің аулаларын тасыған су шайып кеткен. Біз Төлеби ауданында жайылған қызылсудан зардап шеккен бірнеше үйде болып, бүгінгі жай-күйімен танысып қайтқан болатынбыз.

Виктор Андреевич анасының үйін осымен екінші рет су басқанын айтады. Қонақжайлылықпен үйіне кіргізді. Алайда аяғымыздағы бәтеңкемізді резеңке етікке ауыстыруға мәжбүр болдық. Өйткені нөсерден кейінгі лайдан үйге кіріп шығу мүмкін емес.

80 жастағы 1-топтың мүгедегі Любовь Васильевна су басқан күні таңғы сағат төртте мына терезеден сыртқа шығарылған. Тасыған суды белшесінен кешіп, бір-бірін құтқарған халыққа көмек екі сағаттан кейін бір-ақ келді деп шағымданып жатыр.

 

Достық ауылында бас аяғы 11 үйді су басып қалды

Ал жалғызбасты Абаят Османова бұл күні өз басын аман сақтап қалғанына қуанып жүр. Үйінің іші-сырты балшыққа толы. Жататын жайы былай тұрсын, ішіп-житін азығы да суға кеткен.  

Достық ауылында бас аяғы 11 үйді су басып қалды. Енді түрғындар не істерін білмей дал. Ал жергілікті билік халықты далада қалдырмаймыз деп отыр.

Ал тұрғындар болса жатақханаға барғысы жоқ. Арық атыз уақытылы тазаланғанда үйлерді су баспас еді деп шырылдап жүр. Тағы бір нөсерден соң мұндағы жағдай тым қиындап кетуі мүмкін.

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DECSAdTWFXs[/youtube]