Қайтыс болған шекарашылардың туыстары да қаралы митингіге қатысты (бейне)

Дариға Шоқанова

 

Дариға Шоқанова
Дариға Шұқанова

Аза тұту күніне байланысты еліміз бойынша қаралы күн жарияланып, аза тұту митингілері өтуде. Оңтүстік Қазақстан  облыс әкімдігі ғимаратындағы және де өзге де мемлекеттік мекемелердің ғимараттарындағы  Мемлекеттік ту төмен түсірілді.  

Жаңажылдық кез-келген мереклер кешегі күннің өзінде-ақ кейінге шегерілген-ді.

Алдын ала тапсырыс жасап, ұжымдық отырыстарға деп алынған азық-түлік пен тәттілерді балалар үйіне таратып жатқан ұжымдар бар.

Шымкенттегі,  Абай саябағындағы бұған дейін де қайғылы апатқа ұшырап, қаза тапқан  шекарашыларға арналған ескерткіш алдында бүгін қаралы митингі өтті.  Митингіге қаза тапқан шекарашылардың туыстары да қатысты. Қызылордадан келген Дариға Шұқанова опат болған жұбайы Аманбек Пердешбекұлы Шұқановты аза тұтуда.  Өмірлік серігі болған жанның сүйегі  әлі де анықталмағанын айтқан Дариға апай бұл қайғының орны орасан екенін айтады.

Туысы болмаса да, танымаса да қайғы жамылған отбасыларды қолдау үшін, қиын кезде жанынан табылу үшін митингіге облыстың қарапайым тұрғындары да көп қатысты.

Олардың көкейінде «Қайғыны бөліссең азаяды» деген ниет тұрғаны белгілі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=so9D8rIPLVo[/youtube]