Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше кешкісін ОҚО Сайрам және Төлеби аудандарының екі ортасындағы бос алаңқайда апатқа ұшыраған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің АН-72 ұшағы туралы ақпарат беріп жатқан жергілікті тұрғындар табылуда. Сайрам ауданының бірнеше тұрғыны «Отырар» телеарнасына хабарласып, көрген білгендерін баяндап берген.
Бауыржан Досов, Сайрам ауданының тұрғыны:
— Бұған дейін ұшақтың осыншама төмен ұшқанын көрмегенмін. Таңырқап қарағанымыз сол, 3-4 секундтан кейін бомба жарылғандай дауыс шықты. Дереу киініп, оқиға орнына жүгіріп жеттім. Барсам… адам денелері шашылып жаттыр. Күйіп кеткен. Сондай-ақ құжаттар, қолдорбалар мен фуражкалар да шашылып жатыр екен. Бұл әскери ұшақ екенін білдім. Фуражкалар көп екен. Адамдардың мүрделері 40 метр радиуста шашылып жатты. Қасымдағылардың бірі Жамбыл облысында берілген жүргізуші куәлігін тауып алды.
Диас Олжасов,
— Кешк кешкісін бірден боран болды. Шамамен сағат 7,30-да қатты жарық болып, үлкен жарылыс орын алды. Біз алғашында салют деп ойладық. Жүгіріп шығап, қарап келуге барсақ, құлаған ұшақ екен. Жақын жерде менің ауылым мен өрт сөндіру қызметі, май зауыты бар.
Айта кету керек, ұшақта болған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері, оның ішінде аталған ведомство басшысының уақытша қызметін атқарушысы Тұрғанбек Стамбеков 26 желтоқсан күні Ташкентке аттануы керек болатын. Бүгін онда Өзбекстан шекара қызметінің басшылығымен кездесу жоспарланған еді.
Бүгін сағат 13,00-де «Оңтүстік» аймақтық шекара қызметінің бас кеңсесінде журналистер үшін арнайы брифинг өтеді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қайғылы жағдайға байланысты өңіредіг барлық жаңажылдық іс-шараларды өткізбеу жөнінде шешім шығарды.
Оңтүстік халқы қаза тапқан шекарашалырды аза тұтуда
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qDoVryYksa0[/youtube]