18 шағынаудандағы №6 үйдің жертөлесі батпаққа толы

211
Жертөленің мүңкіген иісі тұрғындардың мазасын алып бітті

Шымкенттегі кейбір үйлер құлап қалуы мүмкін. Өйткені шірігінен су құбырларының салдарынан жер төлелер сасық су мен батпаққа толып былығып жатыр. Тұрғындар өздігінен жөндеу жұмыстарына кіріспек түгілі, онда кіруге қорқады. Қолғаны қапқан иістен ауру табамыз деп үрейленеді. Оларға су мамандары көмекке келді.

Жертөленің мүңкіген иісі тұрғындардың мазасын алып бітті
Жертөленің мүңкіген иісі тұрғындардың мазасын алып бітті

Тұрғындар өздері тұратын подъездің жертөлесіне кіруге қорқады. Мүңкіген исі мен сасық суы алыстан мен мұндалайды. 18-шағынауданындағы 6-көпқабатты үйдің жертөлесі батпаққа айналғалы қашан. Зейнеткер Рима Ержігітова туған-туысының денсаулығына алаңдаулы.

Рима Ержігітова, үй төрайымы: «Сасыған иіс мұрынды жарып жібереді. Ол баланың да үлкендердің де денсаулығына зиян. Сол себепті де мамандарды арнайы шақырдық».

Жергілікті тұрғындар құбырды өздері тазаламақ болған. Қанша рет ақша жинап, шіріген құбырды ауыстыруға талпынған-да. Енді оларға көмекке Су ресурстары және маркетинг мамандары келді.

Алия Мираманова, лабаратория меңгерушісі: «Бұл үйдің тұрғындарымен бірнеше рет жиналыс өткіздік. Жертөленің жағдайы өте төмен. Санитарлық талапқа сай болмағандықтан түрлі аурулар тарайды».

Сушылар тұрғындарға құбырды ауыстыруға кеңес беріп, техникалық қызметке арнайы келісім-шартқа тұруды ұсынды. Сонда ғана проблемасы көп, сасық суға лық толы жертөленің жыры бітеді деп отыр. Ақылы қызмет үшін әрбір пәтер иесі ақша жинау керек екен. Таза үйде өмір сүру үшін әрбір пәтер бір жылда 14 мың 250 теңгені төлеп бітуі қажет.

Зарина Жаббаркулова, инженер: «Өзіміз жөндеп біткен соң, балансқа алып, өзіміз қадағалаймыз. Егер су кететін болса, өзіміз жауап береміз. Өйткені құбырларымыз сапалы».

90 пәтерлі үй өз келісім берсе болды, мамандар жертөлені жқндеуге бірден кірісіп кетпек.