Бадамдағы отбасылар баспанасыз қалуы мүмкін

Тұрғындар әкім жасаған ағаттыққа біз кінәлі емеспіз дейді
Орталықтың қорғау аймағына негізінен 30 жер телімі кіріп кеткен дейді облыстық жер инспекциясындағылар. Бұл 3 гектар аумақ деген сөз.

Бадам ауылындағы Жаңақұрылыс көшесінің 17 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Олардың мемлекеттік актісі бар жер телімін облыстық жер инспекциясы заңсыз деп таныған. Әзірге, жерді босат, көшіңдер деп ешкім айтпағанымен, баспана тұрғызып, шаңыраққа кіргелі отырған Бадамның жұрты далада қаламызба деп үркіп отыр.

Гүлмира Әкенова, Жаңақұрылыс көшесінің тұрғыны: «Үйге почтамен шешім хат кепті. Ол шешім хатты алып оқысам, сізге отказоно под снос дом дейді. Қалай снос береді. менің шешімім бар. Техпаспорт, ГОС АКТ бәрі бар ғой. Қалай мен өзімнің үйімді біреуге бере салам. Мен оны әжептеуір ақшаға сатып алған шығармын».

Жер телімің заңсыз деген жайсыз хабар мұндағы тұрғындарының көңілін осы көктемде күз етті. Себебі, 2005 жылдан бері учаске сатып алған халықтың көбісі баспана тұрғызып қойса, кейбірі сонда көшіп те үлгерген.

Асылзат АЙДАРҚҰЛОВА,  Жаңақұрылыс көшесінің тұрғыны: «Біреуі кенже баласына салып беріп жатыр үйіндегі последний ақшасымен. Кредит алып салып жатыр біреуі. Біреуден процентке қарыз алып салып жатыр. Білмейм мен, түсінбейм, бұлардың не мақвсаты бар екенін. Біреудің үстінен накладка болсақ мейлі екен. Айдаладағы орыс арыз жазады. Сол үшін біз осынша халық страдать етуіміз керек. Неге қазаққа жаны ашымайды. Түсінбеймін мен».

Тұрғындар әкім жасаған ағаттыққа біз кінәлі емеспіз дейді

Даудың басы Бадамда орналасқан «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығынан» басталды дейді тұрғындар. Мекеменің директоры Почивалов Абай аудандық прокуратурасына осындағы үйлердің заңсыз салынып жатқаны жайлы арызданыпты. Енді аудандық сот осында сатып алынған жерлердің мемлекеттік актілері облыстық мұрағаттан табылмағанын негізге алып отыр. Яғни, сол кезде жерді сатқан Бадам ауылының әкімі учаскелердің құжаттарын заңды түрде тіркемеген.

Бақыт Үсіпәлиев, Жаңақұрылыс көшесіндегі тұрғындардың қорғаушысы: «Бұлар кәдімгі ГОС АКТ-імен сатып алған. Тіркеуде тұрған ГОС АКТ-імен сатып алған. Ал бұлардың не кінәсі бар сатып алғанда. Біз сотта көрсеттік бұны. Бұл ерікті сатып алушы.
-Ал олар не дейді.
-Қанағаттандырусыз қалдырды. Сол себепті біз келіспейміз. Оппеляциялық алқаға шағымданып отырмыз».

Өскенәлі Панзарбек, Облыстық жер инспекциясының бастығы

Тұрғындардың кінәсі жоғынан облыстық жер инспекциясы да хабардар. Алайда олар Почиваловтың арызын қуаттайды. Өйткені, Бадамдағы 30 жер телімі орталықтың қорғау аймағына кіріп кеткен. Яғни, атыс спортынан жаттығу жүргізу барысында қаңғыған оқ осындағы тұрғындарға тиіп кетуі мүмкін екен. Сондықтан жерді мемлекетке қайтаруға біз міндеттіміз деп отыр.

Өскенәлі Панзарбек, Облыстық жер инспекциясының бастығы: «Қате негізі ауыл әкімінен кеткен. Ол басқа пайдаланудағы мемлекеттің жерін заңсыз беріп отыр ғой заңсыз шешіммен. Шешім заңсыз болғаннан кейін біз 30 талап-арыз бердік. Соның бүгінгі күнге 14-нің шешімдерін бұзып, мемлекетке, яғни атыс спорты орталырғына қайтарып отыр. Қалған 16 талап арыз қаралу үстінде».

Дәл қазіргі күні 16 отбасының жер телімі заңсыз деп танылған

Өскенәлі Панзарбек Бадамдағы ағайынның қамын енді жергілікті билік күйттесін дейді. Заңсыздыққа жол бергендері үшін жер телімін бере ме, әлде пәтер бере ме, оған әкімдік бас қатыруы тиіс. Ал алдағы уақытта Бадамдағы жұртқа көшіңдер деп айтылуы әбден мүмкін.

Асылзат Айдарқұлова, Жаңақұрылыс көшесінің тұрғыны: «Кет десе кетпейм мен. Мені өлтіреді. Өртейді менің екі баламды. Через солардың өлігі арқылы алуы мүмкін. Мені қосып ішіне ар жаққа итеріп тастаса, соның ішінде қалам мен. Барлық жерге барам мен. Мен оңайдан оңай шығып кете салмаймын».

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k8pmdgl-ysg[/youtube]