Басты Шыршаның орны ауысты

Басты Шырша әл-Фараби алаңына орнатылды

Бәрекелді!

Жаңа жылды тойлау орны ауыстырылды.

Басты Шырша әл-Фараби алаңына орнатылды
Басты Шырша әл-Фараби алаңына орнатылды

Шымкентте Жаңажылдық «Шырша тойы» жыл сайын орталық мешіт орналасқан Ордабасы алаңында өтетін. Бұл өз кезегінде намазхан жамағаттың наразылығын тудырып жүргені рас. Мешіт алдында шампан атып, жынойнақ жасайтын, Аяз ата мен Қарша қыздан өтініп тілек тілейтін қауымның сиқы белгілі емес пе?!
Биыл бұл үрдіс өзгеретін болды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құлағына жеткен болуы керек, намазхан жамағаттың тілеуі орындалды. Жаңажылдық іс-шаралар мешіт алдында емес, бұдан былай әл-Фараби алаңында ұйымдастырылып, өтетін болып белгіленді.