Кәсіпкерліктің дамуына салық пен «контрабандалық өнім» кедергі келтіруде

296
Азат Перуашев кіші және орта кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын көрсетті
Кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына «контрабандалық өнімнің» кедергі келтіретінін айтты

Шымкентте «Ақ жол» ҚДП ОҚО филиалында «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың проблемалары мен шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракция жетекшісі Азат Перуашев қатысты. Бұл күні де кәсіпкерлер салық проблемасын тағы да көтерді. Түрлі салықтардың көбеюі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жол бермеуде дейді. Айтуларынша, салықтан бөлек те кедергілер көп.

Әбдіқасым Сыздықов, жеке кәсіпкер: «Ия, салық деген дүние біздің жанымызды жегідей жеп жүр ғой. Мәселен, біздің салық өте тиімсіз дер едім. Анығырақ айтсам, бұл салық ешқандай кәсіпкердің жұмысын жақсатрпайды, қайта керісінше дамудың жолын жабады. Өздеріңіздер де білесіздер, салық кодексінің мынандай қалың том екенін. Сондықтан мен де 6 бухгалтер ұстаймын. Шатасып, жаңылысып кетпес үшін. Мәселен, мына кіші кәсіпкерлер 3 пайыз салық  төлейді де басқа ештеңеге басын ауыртпайды. Мен айтар едім, ол кіші болсын, мейлі орта, үлкен болсын барлығына салық тиімді болуы керек. Сонда ешкімнің де басы қатпайды бұған. Қазіргі салық туралы кодексті алып жыртып тастай салу керек деп ойлаймын. Себебі, не көп салық көп қой. Қосымша құн салығы, табыс салығы, тағысын-тағылар. Одан да баршамызға тисілі оң шешім болса болады ғой. Мен ойлаймын депуттаттар араласса, бұл проблема да шешіледі деп. Сондықтан, баршамыздың бас қатырған мәселемізді шешуге тырысайық».

Сауалдарға жауап іздеген «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев айтылған өтініш-мәселелерді жауапсыз қалдырмауға сөз берді. Сонымен қоса, дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер отандық өнімдердің дамуына заңбұзушылық әркеттер де зиянын тигізуде де ашып айтты. 

Мақсұт Балуанов, жеке кәсіпкер: «Қазір жыл санап барлық жерде мал саны артып, асылданып жатыр. Бірақ қазір ауылшаруышалығына қарасаңыз, барлығының қайтадан мәнісі кетіп жатыр. Мынау контрабандалық жолмен қазыр арзан ет келіп жатыр жан-жақтан. Басқа елдерден. Оның сапасына ешкім назар аударып та жатқан жоқ. Егер тексеріліп, оның жағдайына мән берсе біздің етіміз өтімді болар еді. Өйткені ол еттердің ешқандай да сапасы жоқ, біздікімен салыстырғанда. Біз де өзімізге тиесілі табыыты табар едік. Жеміс-жидек те солай. Басқа елден контрабандалық жолмен келе ме, әлде басқадай жолмен келе ме белгісіз. Арзан бағада келеді де, біздің сапалы өніміміздің саудасы жүрмей қалады. қаншама кредитті мойнымызға арқалап біз қаламыз, қарызға батып. Жасырмай-ақ қояйық, халық та арзанға қарай жүгіреді, сапаға назар аударатындар аз. Ал бұдан да басқа, кәсіпкерлер тамақ өнімдері, консерві, одан қаса жеміс-жидектен, басқадай «томатная паста» бар, осындай көптеген өнімдерді өндіріп, кәсіппен айналысқысы келеді. Алайда олардың бастаған күнінен бастап, дәл бүйірінен келіп тексеру басталады.»Пожарныйы» бар ма, налоговыйы бар ма, қандай тексеру болса да сол күннен бастап тексеру басталады. Өзіңіз де бір рет айтып өткен едіңіз, мұндай кәсіпкерлер 3 жылға дейін салықтан босатылады деп. Ол мұндай кіспкерлерідің көбінің құлағына жақты. Ол өндіруші ғой, сондықтан 3 жылға дейін, тіпті 5 жылға дейін «налогтан» азат етілсе, кейін көтеріліп шығынның барлығын өзі-ақ төлейді. Сондықтан, Азеке өзіңізге сенім артып отырмыз. Қазір ел аузында жүрген беделді бір Партияның өзісіздер ғой!»

Сауалдарға жауап іздеген «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев айтылған өтініш-мәселерді жауапсыз қалдырмауға сөз берді. 

Азат Перуашев шетелдік тауардан отандық өнімдердің сапасы сенімді екенін айтып отыр

Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП фракция жетекшісі: » Бұл өте үлкен мәселе! Өте дұрыс көтерілген мәселе! Мал шаруашылығы. Тіпті қазіргі мынау ет консервісін шығаратын зауыттар, фабрикалар өзіміздің малды емес, Аркентинадан, Бразилиядан әкелетін етті пайдаланып отыр. Тіпті олар ашық түрде қолданысқа енгізіп, жұмыстарын жасап та жатыр ғой. Себебі, біз мынау Ресеймен екі елдік одаққа кіргеннен кейін, Ресей осы дүние жүзілік сауда ұйымына кіріп кетіп, олардың кедендік ставкасы түсіп кетті. Енді қазір ашық кеден сияқты сипатта болып отыр ғой. Етті импорттау үшін де кеден осындай болып кеткен. Сосын Ресей арқылы бізге арзан бағада ет келіп жатыр. Ия, арзан. Оның арзандау болуы себебі де бар. Оның ол жердегі табиғи ахуалы басқаша, біріншіден осыдан арзан болып отыр. Ал екіншісі өзге елдердің көбісі ауылшаруашылығы на қатысты қосымша құн салығы, жалпы салықтардың ставкасы нөлді көрестіп отыр. Бұл дегеніміз ешқандай салық салынбайды. Ауылшаруашылығын дамыту үшін. Тек тапқан табысынан ғана азғантай мөлшерде төлейді. Қалған табыс өзінде қалады. Ал кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге келетін болсақ, жаңағы Сіздің айтқан 3 жылдық жеңілдік дегендер — бұл Елбасымыздың тапсырмасы! Елбасы былтыр Парламент съезі ашылған кезде осы тапсырманы берген болатын. Бұл мәселе бір жыл созылып, соңында мынадай шешімге келді. Жаңадан құрылған шағын және орта бизнесті 3 жылдық мерзімде тексеруден босату. Ал қайта салыстырсақ, 3 жыл бойынша оларды ешкім тексермейді. Ал оларға берілген уақыт 3-5 жыл. Ал оларды тексермегенімен, осы уақыттар өтісімен, қайта тексерушілер келеді. Сосын айыппұл болсын, “пения” болсын, барлығы қосылады да шағын және орта бизнеске әжептеурім проблема әкеледі. Сол себептен біз Елбасының тапсырмасын дұрыс атқару үшін, басқаша айттық қой 3 жыл бойы салықтан босатылғаны дұрыс деп санаймыз. Ал өзге де проблемелар алдағы күндері шешімін табуы үшін аянып қалмаймыз”.

Елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін салықтан 3 жыл көлемінде босату қажет деген пікірлер де айтылды. Ал әзірге талаптың орындалуына кәсіпкерлердің көңілі толмай отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3xpTlTlQ274[/youtube]