Бүгін — Кеңес әскерінің Ауған жеріне кіргеніне 33 жыл толды. Осы датаға орай Абай саябағында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіші алдында «Біздің мәңгі есімізде» атты акция ұйымдастырылды. Оған жиналған «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанаты, Ауған соғысы ардагерлері алдымен опат болғандарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.
Митингінің мақсаты — Ауғанстанда қаза тапқан жерлестерімізді мәңгі есте сақтау дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар еліміздің басқа облыстарында да өтіп жатыр.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1979-1989 жылдары болған Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 761-і қаза тапқан.
Елімізде бүгінде 10 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар. Олардың 3 мыңдайы мүгедектер қатарында. Биыл КСРО әскерінің Ауған жеріне кіргеніне 33 жыл, он жылға созылған соң кеңес әскерлерінің ол елден қайта шығарылғанына 23 толды.
Еркін Ғалышев,ауған соғысының ардагері: «Бүгінгі іс шарамыз соғыста болған боздақтарымызды еске алуға арналып отыр. Олардың ерлігі -жұрегімізде. Ешқашан ұмытпаймыз. Келер ұрпақтың санасына сіңіріп, өткенді бағалауы үшін осындай шаралардың алар орны ерекше».
Қазіргі таңда облысымызда 2,5 мыңнан астам ауған соғысының ардагерлері бар. Жыл сайын олардың қатары сиреп барады. Үстіміздегі жылы 35 ардагер көз жұмған. Осы тұрғыда ардагер-сарбаздардың проблемалары да жетерлік.
Шәріпбай Өтегенов, Ауған соғысы ардегерлерінің республикалық одағының төрағасы: «Өкімет жағынан сол жігіттерге сәл көңіл бөлінсе дейміз. Әсіресе денсаулықтарын жіті тексеріп, сараптама жұмыстарын жүргізіп тұрса дейміз. Бұрындары тегін емделуге жіберетін. Қазір мұның бәрі ұмыт болып барады. Ардагерлердің әлеуметтік жағдайына назар салса дейміз, билік». «