Марапатқа ие болғандарға бағалы сыйлықтар да тапсырылды
Марапатқа ие болғандарға бағалы сыйлықтар да тапсырылды
Марапатқа ие болғандарға бағалы сыйлықтар да тапсырылды

Шымкентте өтіп жатқан оқушылар арасындаға облыстық ғылыми жоба байқауы өз мәресіне жетті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыс оқушыларының байқауының екінші кезеңіне қатысқан 295 ғылыми жоба жұмысының 90-ы жүлделі орындар иеленді. Жеңімпаздар 20-желтоқсан күні шымшаһардағы  М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназиясында өткен Республикалық іріктеу кезеңінің І турына жіберіліп, он-лайн режиминдегі тестілеуге қатысты. Тестілеу нәтижесінде жоғары балл жинаған оқушылардың жоба жұмыстары Республикалық іріктеу кезеңінің ІІ турына жіберілетін болады.

Ғылыми жоба жарыстарын өткізудің өзге пән олимпиадаларынан ерекшелігі, бұл конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс….» деп атап өткендей, мемлекетіміз таланты ерек, танымы мол, дарынды да білімді, еңбекқор жастарды қалыптастыру мақсатында бүгінгі таңдағы оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен  технологияларды енгізе отырып оқытуды тапсырма етіп қойып отыр. Бұл мақсатты іске асыруда Қазақстан халқының рухани құндылығын арттыру, жастарға түрлі салалар бойынша білім беріп қана қоймай, жаһандық қарқынды дамуда сол білімдерін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйрету.

Қазылар алқасымен бірге мектептерден арнайы бекітілген сарапшылар қатысуымен оқушылардың жұмыстарын қорғауын бақылай отырып өткізілген ғылыми жоба конкурсында нағыз таланттар айқындалды.

Солардың бірі Кентау қаласындағы дарын мектебінің оқушысы Ақерке Әбікенова. Ол математика саласы бойынша бірінші орынды қанжығасына байлады.

Ақерке Әбікенова,жеңімпаз: «Өте қуаныштымын. Бүгін тест тапсырдым. Жоғары балл алатыныма сенімдімін. Республикалық байқауда оңтүстіктің намысын қорғауға сақадай саймын».