Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 21 жыл толды. Осынау даталы күнді М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институтының «Парасат»колледжі де атап өтті. Іс-шараға оқу орнының ұстаздары мен студенттері тайлы-тұяғы қалмай атсалысты.
Бұлар — егеменді, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жастар. Олар әр баланың жақсы оқуы – тәуелсіздік тойына тартуы деген Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтың сөзін көкейлерінде ұстап келеді. Сол жастардың бірі — Айткүл Бекұзаққызы осы мерекеге тыңғылықты дайындалыпты.
«Тәуелсіздік – тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт. Оны қастерлеу, ұлықтау, насихаттау керегін ұғынған, азаттықты аңсаған әрбір алаш ұрпағы осы тойға өзінің үлесін қосуға ерекше мән берді.
Ал жас өрендер Тәуелсіздік күнін тойлап қана қоймай, елге еңбек етуді де ұмыт қалдырмайды. Жақсы маман атанып, елдің ерекше өркендеуіне үлес қосуға дайынбыз дейді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1td4XnX2ac8[/youtube]