Президент күніне тарту

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сайрам ауданында 2 балабақша мен 1 шағын орталық ашылды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сайрам ауданында 2 балабақша мен 1 шағын орталық ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сайрам ауданында 2 балабақша мен 1 шағын орталық ашылды.

Жаңа балабақшада 45-50 бала қабылданып, 24 адамға жұмыс орны табылды

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округінде 200 орындық «Марафат ана» жекеменшік балабақшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Б.Танагөзов қатысып, халқы тығыз орналасқан Қарабұлақ ауыл округі үшін мұндай балабақшаның қажет екенін атап өтіп, құттықтады. Жаңа балабақшада 8 топ ұйымдастырылып, 60-тан астам жұмыс орны ашылып отыр. Сондай-ақ Манкент ауыл округінде 50 орындық «Розақұл ата» жекеменшік балабақшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмұрадов қатысып, ауыл округінде тұңғыш рет ашылып отырған мектепке дейінгі мекеменің жаңа ұжымы мен ата-аналарын құттықтады. Манкент ауы-лында 6 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр екен. Бұған дейін бүлдіршіндер Ақсукент орталығындағы балабақшаларда тәрбиеленіп жүрген еді. Енді бұл балалар өздерінің ауылындағы балабақшаға баратын болады. Жаңа балабақшада 45-50 бала қабылданып, 24 адамға жұмыс орны табылды. Жеке кәсіпкер Нишанбаева Гулчехра алдағы кезде бүлдіршіндер үшін қосымша топтардың ашылатынын мәлімдеді.

Жаңа балабақшада 8 топ ұйымдастырылып, 60-тан астам жұмыс орны ашылып отыр

Одан бөлек, Көлкент ауылында Ә.Навои орта мектебі жанынан шағын орталық іске қосылды. Жалпы Сайрам ауданында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық игілігіне берілетін мектепке дейінгі мекемелердің саны жыл сайын артып келеді. Ақсукент ауыл округінде 175 орындық «Балақай» балабақшасы ашылды. Осылайша, Тәуелсіздік күні қарсаңында 8 балабақша мен 3 шағын орталық халыққа сыйға тарту етілмек.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ