Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сайрам ауданында екі балабақша пайдалануға тапсырылды. Мемлекеттік «Ақ қайың» балабақшасы Құтарыс ауыл окургінде орналасқан, жекеншік «Жұмақыз»балабақшасы Ақбұлақ ауыл округінде жұмыс істеуде. Бала екеш балаға дейін балабақшаның ашылғанына қуанышты.
Құтарыс ауылдық округінде 100-ден астам бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиені күтіп, кезекте тұратын. Мына жаңа ашылған «Ақ қайың» балабақшасы 75 сәбиге шақталған. Құрылысты жүргізген «Қазығұрт СтройСервис» мекемесі жарты жылда істі тындырып, ғимаратты халық игілігіне тапсырды.
Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі:» Жекеменшік балабақшалардың саны 53 ке дейін жеткізілді. Демографиялық өсім ауданда жоғары. Жылдың соңына дейін қамтып үлгеріп, қарасаң жаңа нәрестелер дүниеге келеді. Жалпы 11827 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды».
Ал Ақбұлақ ауылындағы 150 балаға шақталған «Жұмақыз ана» балабақшасының салтанатты ашылуына ауыл азаматтары да қатысты. Мұндағы бір ерекшелік — балабақша өз алдына бөлек жылытылады. 6 топтағы балғындар жастарына сәйкес түрлі бағдарламалар негізінде тәрбиеленеді. Бұл сыйды осы ауылдың шәкірті жасаған.
Қадырбай Көмекбаев, Ақбұлақ аулының тұрғыны, ардагер ұстаз: «Бағбан өсірген ағашының жемісін көргенде қуанады, малшы төлі көбейгенде, ал біз педагогтар шәкіртеріміз біздің ісімізді жалғасырса қуанамыз. Батыр, атына сай игі іс жасады. Ауылға жақсы тарту жасап, қуаныш сыйлады. Ризамын».
Айта кету керек, жыл басынан бері Сайрам ауданында 2 мемлекеттік балабақшаға қосымша 3 топ, 25 балаға арналған шағын орталық, 13 жекеменшік балабақша іске қосылған. Бұл үрдіс келесі жылы да жалғасын табады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=I_Y6DlJtthk[/youtube]