Шыршаның саудасы қызып тұрғаны анық
Шыршаның саудасы қызып тұрғаны анық
Шыршаның саудасы қызып тұрғаны анық

Қаланың сауда орындарына жасыл шыршалар қайдан әкелінуде? Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аумақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясының өкілдері қала базарлары мен дүкендеріне рейд жүргізді.

Рейдке шыққандар жасыл шырша сатылып жатқан әрбір сауда нүктесін мұқият тексерді. Бір айта кетерлігі, әдетте үрпие қарсы алатын сатушылар бұл жолы үріккен жоқ. Мына дүкеннің иесі тіпті қонақтарды қуана қарсы алғандай.

Ақылбек Әлихан, кәсіпкер: «Мендегі барлық құжаттар заңдастырылған. Бұл қылқанжапырақты көшеттерді өзім тәлімбақта өсіріп, баптап, кейіннен сатылымға шығарамын. Осындай рейдтер жиі жасалса бізге де жақсы. Заңсыз жұмыс жасайтын бәсекелестердің де қатары азаяр еді».

Жас өскінді заңсыз кесіп, сататындар қатаң жазаланады. Орман және аңшылық шаруашылығының аймақтық испекторлары ескерті жұмыстарымен бірге айыппұл да салып жатыр. Шырша мен қарағайды заңсыз қырқып, пайда табушыларға осылай ғана тоқсауыл қоюға болады дейді мамандар.

Мұндай рейдтер еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатыр. Облыс орталықтарына қарағанда шалғай орманды алқаптардағы тексеру ісі тым сылбыр жүріп жатыр деп ойлау – қате пікір дейді жауаптылар.

«Облыс бойынша 19 мобильді топ және 19 бекет құрылды. 75 рейд өткіздік.Шымкент базарларында 8 сауда нүктесі мен 7базар тексерілді-«дейді олар.

Оңтүстікте 8 мыңнан гектардан астам аумақта қылқанжапырақты орман өсіп тұр. Инспекторлар табиғаттың бұл тартуын келешекке қалдыру басты міндет деп санайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BYNSmix8SCM[/youtube]