Газдан уланғандар қатары көбейді
Газдан уланғандар қатары көбейді
Газдан уланғандар қатары көбейді

Қыстың тағы бір қайғысы бас көтерді! Шымкентте көпқабатты үйдің бірінде 6 адам иіс газынан уланып, ауруханадан бір-ақ шықты. Зардап шеккендердің төртеуі жас балалар. Келеңсіз жағдай ескі жылыту құралын пайдаланудың салдарынан орын алған дейді мамандар.

Көпқабатты үйде тұратын Айсәуле Жолдасбекова кәдімгі газ пешін қосам деп, иіс газымен уланып қалғанын сезбей қалған. Сөйтіп екі қызымен бірге ауруханадан бір-ақ шықты.

Айсәуле Жолдасбекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қызым шомылғысы келіп, газ колонкасын қостық. Сосын, иіс шықты. Мен дереу газдың төбесіндегі вытяжканы қостым да, сол арада көбірек жүріп қалдым. Сөйттім де, барып залға жаттым екі қызыммен. Түнде тағы оянсам, қатты ауырып жатыр екем. Тұрып, «иістеніп қалдым-ау, сүт ішейін» деп ас үйге кірдім. Жетпей құладым.»

Күн күрт суытқалы иістеніп қалған тұрғындардың саны көбеюде. Оған басты себеп – үйдегі жылыту пештеріндегі ақау. Кәріне мінген қыста тоңбаудың қамын күйттегендер үйде ескі пештерін қосады. Сөйтіп дұрыс шықпаған түтін үйдің ішіне таралып, бір отбасын улап жатқан жәйт жиілеп кеткен.

Икрам Төлеев, ОҚО жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері: «Былтыр, жыл бойы 324 науқас тіркелген болса, көмір иісімен уланған, әзірдің өзінде 384 науқас бізде тіркеліп отыр. Әлі жыл аяқталған жоқ. қыс алда бізде. Бйылғы жылы көбейіп кетті.»

Қаһарына мінген қыстың өзге шыжығы аздай, иіс газынан уланып қалмас үшін ең алдымен сақтық шарасын сақтау өзіңізден екенін естен шығармаңыз дейді дәрігерлер.

Икрам Төллев, ОҚО жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері:»Үсік шалғандардың қатары көп… Бүгінге дейін 3 адамды үсік шалған. Әсіресе жастар жағы қамдана  білсе деймін. Тар аяқ киім кигенде аяғыңызды суық шалады. Немесе тар шалбар кигенде, джинсы шалбарының белдемшесі тар болмау керек. Мұның бәрі суыққы бейім келеді. Сыртқа жылы киініп шығыңыздар…»