Шымкенттіктер ең бірінші болып, Елбасының «Қазақстан-2050» стартегиясын қолдады

366
Жолдауды-қолдау

Дәл Тәуелсіздік күні Шымкенттіктер салтанатты жиын өткізіп, Елбасының «Қазақстан-2050» стартегиясын талқылады. Қала әкімі Қайрат Молдасеитов жиналған көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, қаланың өркендеуі мен эеономикалық өсуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс білдіріп,  арнайы марапаттады.

Жолдауды-қолдау
Жолдауды-қолдау

Мойындау керек, Шымкент өсіп келеді. Халқы артып, бас жоспарға бір емес, бірнеше ауылдар кіріп, ауылдықтар да -шымкенттіктер аталып отыр. Бала саны артып, әрбір үшінші қазақстандық осы шымкентте дүниеге келеді. Бір жылда жеткен жетістік пен атқарған ауқымды істер жетерлік. Алайда алда атқарылмаған қаншама тірлік бар. Діттеген мақсаттары мен міндеттерін талқалай келген қала басшысы Шымкентті-сәулеті келсікен қала деп те атады.

Салтанатты жиын барысында Елбасының халыққа Жолдауы талқыланды. Жарыс сөзге шыққан белгілі жазушы Мархабат Байғұт бұл жолдауды өнер ге, тілге көбірек көңіл бөлінген мақтан тұтты. Яғни 2025 жылы латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін мойындап, Елбасмының бастамасын қолдауға барша оңтүстікқазақстандықтарды шақырды.

Мерекелік кешке шырайлы шаһардың көркемөнерпаздары қойған арнайы қойылымы сән кіргізді.  Достық биі керемет қошеметке ие болып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Жиыннан соң, қала басшысы жастардың би кешіне қатысты. Әл-Фараби алаңында еліміздің өнер жұлдыздары әннен шашу шашты. Жерлесіміз Жолбарыс Сейфуллин кештің шымылдығын ашса, эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Айша, Айқын  шымкенттік жастарды хит әндерімен жылытып тастады. Тамаша көңіл-күймен өткен жастар би кеші керемет от шашумен аяқталды. Міне, осылайша шымкенттіктер Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерекесін ерек

ше атап өтті.