Студенттер қалалық мәслихаттың депуттары алдында жолақы мәселесін көтерді
Студенттер қалалық мәслихаттың депуттары алдында жолақы мәселесін көтерді
Студенттер қалалық мәслихаттың депуттары алдында жолақы мәселесін көтерді

Студенттер жолақы мәселесін тағы да көтерді. Қалалық мәслихат дептутаттары алдында шағымын бүкпесіз жеткізген жастар бүгінгі жолақы жүйесін жөнге келтірудегі кедергілер жайында сұрады. Айтуларынша, студенттердің бұдан да бөлек шығыны жетерлік. Сондықтан бүгінгі басқосуда жолақы мәселесі өз шешімін табады ма деп ашық сауал тастады жастолқын.

Мақсат Бердиев, студент: «Біз түске дейін университетте болсақ, түс ауа кітапханаға немесе өзге де орындарға барамыз. Ізденеміз. Сондықтан бізге «проездной» билет болғаны дұрыс. Бұл қашан шешіледі өзі?! Себебі, студенттер үшін 50 теңге жолақы оңай қаржы емес қой».

Анель Қыдырбай, студент: «Бұл «проездной» билетті «жырлап» жүргенімізге 3 жыл болды. Мәселен мен бірінші курс оқып жүргенімде осы билетті айтып, қаншама сабылғанымыз есімде. Енді міне, биыл тағы да жүгірдік. Енді 2013 жылы шешілсе екен деп үміттенеміз. Бір таңданатыны тиісті мекемелерге айтқанымызда анау деді, мынау деді, әйтеуір уақыт өте берді. Енді келіп, қаланың бюджеті жетпейді дейді. Бұл рас па? Сонымен қоса бізге беретін ай сайынғы 1300 теңге көлеміндегі жолақы жетпейді ғой. Сабаққа барамыз, одан қалса кітапханамыз бар, тағысын тағылар. Біржолата осы жолкіре бір жүйеге келсе екен, ал «проездной» билет маған ғана емес, барша студент үшін тиімді болар еді?!

Бүгінде студенттердің басты мәселесі жолақы екені жасырын емес. Көрсетілген талапқа сай мұқтаж жастар ай сайын 1300 теңге көлемінде мемлекеттен көмек қаражатын алуда. Алайда замандастарымызға бұл қаржы жеткіліксіз екенін айтады. Ал бөлінген қаржыны толықтыруға Шымкент қаласының бюджеті қауқарсыз болып отырған көрінеді.

Ханай Әшірбеков, «Жастар орталығы» МКМ директоры: «Ия, жасыратыны жоқ, қалалық бюджет қаржысы жеткіліксіз бұл мәселені оңтайлы шешуге. Сондықтан облыстық мәлихат депутаттары алдында қаралуы керек деп ойлаймын. Әрине, жастарға жанымыз ашиды. Сондықтан бұл ауқымды мәселе шешімін тапса деп тілейміз. Деп үміттенеміз. Алдағы күндері студенттер қалтасына тиімді болар күн алыс емес деп сенейік».

Ал қалалық мәслихаттың депутаттары бұл проблемадан хабарсыз екнін айтып шыр-пыр
Ал қалалық мәслихаттың депутаттары бұл проблемадан хабарсыз екнін айтып шыр-пыр

Ал бір қызығы бүгінге дейін осылайша шыр-пыр болып, қалтасы қағылған студенттердің проблемасынан қалалық мәслихаттың депутаттары хабарсыз екенін айтады.

Нұркөз Жаңабаев, қалалық мәслихаттың депутаты: «Мен бұл проблеманы естіген емеспін, мен білмеймін. Мұндай мәселені қалалық мәслихаттың алдына ешкім әкелген емес. Сондықтан бейхабармын. Ал қалалық бюджетке келетін болсақ, бұл жерде бір түсініспеушілік болған-ау сірә?! Себебі, ешқандай да қалалық бюджеттің қаражаты жеткіліксіз емес. Қаржы жеткілікті. Сондықтан түсініспеушілік орын алған деп білемін».

Жастолқынның жағдайы осындай әзірге. Ал жастар саясаты мәселелері басқарма басшылығы 2013 жылдан бастап студенттерге арналған жолақы билеті шешімін табуы тиіс деп отыр. Ал қалалық мәслихат депуттары жасанды жолақы билеттері қаптап  кететінін сылтауратып, бұл жүйені қолдамайтындай кейіп танытты.