Түрмеден босағандар қайда жүр?

Биыл ОҚО-дағы түзету мекемелерінен 772 сотталушы рақымшылыққа іліккен
Биыл ОҚО-дағы түзету мекемелерінен 772 сотталушы рақымшылыққа іліккен
Биыл ОҚО-дағы түзету мекемелерінен 772 сотталушы рақымшылыққа іліккен

Осы түрмеден босатылғандар қайда жүр? Биыл жазасын өтеу орындарынан жалпы саны 700-ден астам сотталушы шығарылған. Олар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай рақымшылықтың аясына іліккендер. Түрлі дәрежедегі айыптарын өтеп шыққан азаматтар бүгінде қандай күй кешіп жүр? ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне хабарластық.

Дәлірек айтсақ, биыл 772 адам бостандықтың таңын көріпті. Былтыр да осынша азамат рақымшылыққа іліккен екен.  Департамент мамандарының мәліметіне сүйенсек, солардың барлығы түгел жұмыспен қамтылыпты.

Айнұр Әділбекова, ОҚО ҚАЖ департаменті мамандандырылған есепке алу бөлімінің аға инспекторы: «2012 жылдың 11 айында еңбекке жарамды сотталғандар саны 1516. 2011 жылы 1833 адам болған. Оның ішінде ақылы жұмыспен қамтылғандар 680 адам. 2012 жылы 752 адам болған. Яғни ақылы жұмысқа орналасқандардың саны 41 пайыздан 45 пайызға өсіп отыр».

«Қайнармай», «Батсу», «Су ресустары», «Қазақ елі» және «Югасар». Дәл осы мекемелерде бұл күндері кезінде айыпты болғандар жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр.

Темір тордан босағандарды жұмыспен қамту үшін департамент жетекшілігі облыс әкімшілігімен келісімге тұрған. Таяуда «Шымкент» әлеуметтік-кооперативтік кешен», «Оңтүстік» сынды өндіріс орындарында жаңа жұмыс ашылмақ. Мамандардың айтуынша, бұрын абақтыда болғандар қай қалаға жұмысқа барса да қырағы қадағалау мен берік бақылауда болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aEuxzKSRVO4[/youtube]