Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында үш жүз орындық үш ауылдық округте жаңа мектеп пайдалануға берілді. Апатты жағдайдағы ескі орта мектептер заманауи соңғы үлгіде жаңартылып отыр. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары көптен күткен арманға қол жеткізді. Жаңа мектептің табалдырығын аттаған оқушылардың қуанышында шек жоқ. Енді олар үздік білім көрсеткішіне жетуге уәде берді.
«100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасы жалғасын табуда. Оның шапағаты Шобанақ ауылының тұрғындарына тиіп отыр. Облыстағы апатты жағдайдағы 29 мектептің бірі еді. Осы уақытқа дейін жалғыз қабатты қарапайым үйде білім алып келген оқушылардың орта білімін алу үшін жаңа ғимаратта заманауи үлгідегі жаңа құрылғылар орнатылды. 300 орындық жаңа мектепке қол жеткізген оқушылардың жан-жақты ізденуге мол мүмкіндік туып отыр.
Бақдәулет Нурилла, Шобанақ жалпы орта мектебінің оқушысы: «Елбасымның қолдауымен жаңа мектеп ашылды. Ауылым жетті арманына, білім нұры шашылды. Армандаған мектепке қол жеткізді балалар, шығады енді мектептен ғалымдар мен дарындар. мына біздің жаңа мектебімізде физика, химия, компьютер кабинеттері бар. Біз осы мүмкіндіктің жасалғанына өте қуаныштымыз. Мен келешекте ғалым болып шықққым келеді».
Биыл Түркістан қаласында 6 мектептің құрылысы басталған еді. Бұл уақытқа дейін үшеуі пайдалануға берілген. Енді оған
Шобанақ, Қарашық және Изатуллаев атындағы орта мектептер қосылып отыр. Жергілікті бюджеттен 2 миллиардтан астам қаржы жұмсалыпты.
Әліпек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:»Түркістан қаласында 6 мектеп беріліп отыр. Оған 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Біздің басты құндылығымыз ол бала. Ең асылы — оның тәрбиесі. Елдің болашағы мектепте болғандықтан, бірінші кезекте мектепке көңіл бөліп отырмыз».
Түркістан қаласында 73 мектеп бар болса, биыл оның жиырма бесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытынысы бойынша облыста үшінші орынды иемденген түркістандықтар үшін ендігі жылы да жаңа мектеп құрылыстары жүргізілмек.
Үрайла Сапарова, Түркістан қалалық білім бөлімінің бастығы: «Материалдық базаларды нығайту жұмыстары жалғасын тауып келе жатыр. 2013 жылы 4 жаңа мектеп пен 120 орындық 1 бала-бақша құрылыстары жоспарланып отыр.
КСМ: Оның біреуі апатты жағдайдағы мектеп. Алдағы уақыттың еншісінде самандық ғимараттарды заманауи үлгімен жаңарту жұмыстары күтіп тұр».