Шымкент зообағы
Шымкент зообағы
Шымкент зообағы

Қалалықтар үшін жағымды жаңалық. Балалардың сүйікті орны, зообақ  енді жаңа кейіпке енуі мүмкін. Жаңа жылдан бастап Шымкент мемлекеттік зообағын қайта құру үшін қаржыландыру басталмақ. Бұл туралы бізбен мекеменің директоры Сейдулла Исақұлы Жұбаев баяндады.

Зообақта мыңнан астам жануар бар
Зообақта мыңнан астам жануар бар

Экологиялық және архитектуралық сараптамадан еш кедергісіз өткен жоба бүгінде дайын. Алғашқы бөлінген қаржының үлесі 400  млн теңгені құраса, екінші үлес жылдық бюджет белгілі болғаннан соң мамыр айында анықталатын болады.

Айта өтейік, 1980 жылы құрылған хайуанаттар бағының жер көлемі 54 га, жануарлар саны 1000-нан асады.