Мал бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Сайфулла Гүлтараев сауданың күннен-күнге бәсеңсіп жатқанына алаңдаулы. Мал азығының қымбаттауы да жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұлай бола берсе, кәсібіміздің не болары белгісіз дейді ол.
Сайфулла Гүлтараев, жеке кәсіпкер: «Жемді мелкомбинаттан бидайды 34 тенгеден, ал кебекті 25 тен сатып алудамыз.Енді міне қала әкімдігінде 15 теңгеден кебек алмақшымын».
Қуанышбек Шәдиев, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы: » Ия 300 тонна келіп түсті, 150 тоннасын үлестірдік- 15 теңгеден».
Құрама жем сататын орындарда баға шарықтап тұр. Мәселен, жүгерінің келісі 60 теңге, бидай жармасы 65 тен, арпа 52 теңгеден, кебек 43 теңгеден сатылуда.
Қала тұрғыны: «Қымбаттап жатыр. Не істейміз жем керек. Осы жерден сатып аламыз. Мен 12 шошқа ұстаймын. Құрама жемнің бағасы жаңа жылдан кейін шарықтайын деп тұр ғой».
Бекзат Ни, сатушы: » Бидайдың келісі қыркүйек айында 45 теңге болатын, қазір 65 теңгеге көтерілді. Әзірге жергілікті шаруашылықтар құрама жемді сатуға тапсыруда.Өзге өңірлерден азық әзірге алып келінбеді».
Биылғы құрғақшылық барлығына өз әсерін тигізді дейді жерлестеріміз. Құрама жем бағасының алдағы көктемде қандай боларын ешкім дөп басып айта алмайды. Алайда бүгінгі бағадан жоғары болмаса кем болмасы анық. Оған мал,құс бағатындар да, сатушылар да сенімді.