қылмыс жасаған баланың орнына ата-ана жазаланбақ
қылмыс жасаған баланың орнына ата-ана жазаланбақ
қылмыс жасаған баланың орнына ата-ана жазаланбақ

Қылмыстық әлемде жастардың үлесі басым боп барады. Биылғы жылдың 5 қаңтарында дұрыс жолдан тайған  қылмыстық топ турасында арыз кеп түскен. Шымкент ҚІІБ-на екі аптаның ішінде алты бірдей шағым түскен. Іздеуде жүргендер бір ізбен жұмыс істеген. Такси көлігін тоқтатқан жолаушыға ақ түсті  «Мерседес» автокөлігі келіп тоқтайды.

Автомобиль салонына жолаушы отырысымен артқы орыннан тағы екеу шығып, жолаушының тамағына пышақ тақап, қоқан лоққы көрсетеді. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қылмыскер топтың ең көп бір күнгі табысы 2 мың теңге және бір ұялы телефон болған. Басқа оқиғаларда одан да аз «пайда» тауып отырған. Есесіне пышақпен жарақатталғандардың қатары ауруханаларда артып отырған. Қылмыстық топтың 2 мүшесі құрықталып, үшіншісі іздеуде.

Күдіктілерден бірнеше ұялы телефон мен пневматикалық пистолет табылған. Күдіктілердің бірінің жасы 24-те, екіншісі 23-те. Шымкентте туысқандарын паналап, түн  түсе салысымен  жемтігін «аулауға» шыққан. Айғақты заттар қарақшылық шабуыл жасаушалардың үстінен қылмыстық іс қозғауға толық мүмкіндік беріп отыр. Полицейлердің мәліметінше, ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша, «Тонау» және «Қарақшылық»  айыптары тағылып отыр.