Сайрам ауданына қарасты Қызылжар елдімекенінің тұрғыны Көмекбай Бақтияров қабылдауға жалғыз келмепті. Ауылдықтар жол, жолаушыларды тасымалдау қоғамдық көлік пен ауыз су мәселелерін айта келіпті. Осыған дейін барлық тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырған олар еш нәтиже шықпады деп ашынады.
Көмекбай Бақтияров, Қызылжар ауылының тұрғыны: «Сайрам ауданының әкімі, Әбілқасым Досболовтың баласы Айдарға да бардық. Жолдың сиқы анау. Қыс келсе, қазып тастаған, тротуарлар жоқ. №125 «Газель»толып жүреді. Бастауыш сыныптың оқушылары мектепке 2 шақырым жетеді. Бізге автобус керек. Жолды ретке келтіру қажет. Судың сапасы да нашар».
Бүгінгі қабылдауға баспана мәселесімен келгендер де болды.
Сәуле Бураева, қала тұрғыны: «Өзім екінші топтағы мүгедекпін. Баспанаға тұрған кезектен шығарып тастады. Балаларыма да мемлекеттік жәрдем ақы алмаймын».
Абай ауданы әкімінің орынбасары азаматшаны қабылдайтынын айтып, күнін де белгіледі. Табиғи газ мәселесін көтерген Айгүл Хобдабергенова нұротандықтардан көмек сұрап келіпті.
Айгүл Хобдабергенова: «Газ тартамыз деген мекемеге ақшаны жинап бердік.Үш жыл өтті, көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырмыз. «ҚазТрансГаз Аймақ»-қа бардық, олар әр үйден 90 мыңнан ақша жинаңдар, тартып береміз дейді. Енді адамдар ондай ақшаны бермейді. Өйткені, осыған дейін берген. Жолын айтыңыздар. Маман берңііздер бізге барлығын түсіндіріп берсін. Не істеуіміз керек?»
Қабылдауға жазылған азаматтардың шағымдары «мұқият» тыңдалып шешу жолдары «пысықталды». Жарық, жылу, қоғамдық көлік, ауыз су жалпы алғанда әлеуметтік мәселелерді жауапты мамандар кітаптарына түртіп алды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lKGkILmjcuw[/youtube]