Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры төңірегінде дау шықты. Театр басшылығы өнер ордасы ғимаратын жөндеуге жобалық сметалық құжатын дайындаушы серіктестікті сотқа берді. Өйткені, актөбелік «Нұр» ЖШС әзіл- сықақ театрын күрделі жөндеуге емес, тек реконструкциялауға ғана сметалық құжат дайындаймыз деп жатса керек. 50-ші жылдары пайдалануға берілген бұрынғы кинотеатр ғимаратында қазір әзіл- сықақ және сатира театрының қызметкерлері дайындық жүргізуде. Мұнда жылу жүйесі жұмыс істемейді, сондықтан жылытқыштармен зал арнайы қондырғымен жылытылуда.
Фариза Сейдуалиева, актриса: «Осылайша сыртқы киіммен репетиция жасаймыз. Мүлдем ыңғайсыз. Аяз болған күндері мұнда мүлдем суық. Аяқ киімді кигенде ине сұғып алған сезімде боламыз. Қойылым барысында терлейсің, сосын терің қатып қалады. Жиі ауырамыз. Жағдай жасалмаған».
Қайрат Қарғабаев, ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының директоры: «Сахна тетардың жұмысына ыңғайластырылмаған. Сондай-ақ , реквизиттерді қоюға, әртістердің гардеробы қарастырылмаған. Мен өзім былтыр қазан айында қызметке тағайындалдым. Алдын комиссия ғимаратты апатты деп таныпты. Жобалаушы мекеме ғимарарт апатты емес, тек реконструкцияны талап етеді деп отыр. Осы дауға байланысты жұмыстар тоқтап тұр. Алайда жоспарлы жұмыстар кестеге сәйкес жасалынуда».
Олардың бұл ғимараты күрделі жөндеуден өтуі тиіс еді. Оған қажетті құжатты дайындауға да қаржы бөлінген. Бірақ жобалық сметалық құжатты дайындаушы компаниямен дау бітпей тұр.
Кулия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы: «Жобалық сметалық құжатты әзірлеуге облыстық бюджеттен 6 млн. қаржы бөлінді. Конкурс жарияланып, бас құжатты 3 млн-ға дайындауға ұсыныс берген актөбелік «Нұр» ЖШС жеңімпаз аталды. Алайда жылдың соңына дейін жұмысты жүргізбегендіктен біз оларды сотқа бердік».
Бұған дейін сатира театрының ғимараты апатты делінсе керек. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды дейді басқарма басшылығы. Тіпті дәл сол сметалық құжатты дайындаушы «НҰР» ЖШС-і де ғимарат тек реконструкцияны талап етеді деп қорытынды шығарған. Проблема да осы тұста шыққан. Өйткені, әлгі компания ғимаратты қайта құру болса ғана құжат жасаймыз, күрделі жөндеу болса бас тартамыз дегенінен қайтпай отыр.
Кулия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы: » Ия, сатира театры ғимараты апатты деген әңгімелер тарағаны рас. Алайда, оған негіз жоқ. Өйткені, төтенше жағдайлар департаментінде әзіл-сықақ тетары апатты ғимараттар тізімінде жоқ. Және мердігер лер де ғимарат апатты емес деп қорытынды жасады».
Бөлінген қаржатты жұмсаудағы күрделік қашан шешімін тауып, жобалық сметалық құжат қашан әзірленетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ қиналып жатқан әртістер әзірге.
Нұржан Құлшынбаев, әртіс: «Апатты ғимарат па, жаңасын салады ма? Ол маңызды емес. Не болса да, әртістер дайындық жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Ең бастысы көрермендер алдында қойылымымыздың шырқы бұзылмаса болғаны. Барлығына қанағат».
Қаржы бөлінбесе бөлінбеді деп жар саламыз, ал бөлінген соң игеруге келгенде тағы проблема. Бұл нағыз Парадокс.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_egQv4cGF5U[/youtube]