25 жастағы Гүлжамиля бүйрек те, көмек те сұрайды

282
Гүлжамиля Арынова
Гүлжамиля Арынова
Гүлжамиля Арынова

Арнамызға арнайы келген 25 жастағы Гүлжамиля Арынова көмек сұрайды. Екі бірдей бүйрегі істен шыққан ару 1-топтың мүгедегі екен. 21 жасында тұрмыс құрып, енді ана боламын деп жүргенде, сол бүйрегінің істен шығуына байланысты баласы алты жарым айлық кезінде жүктілігін бұзуға тура келген. Құдай айналдырғанды шыр айналдырады дегендей екінші бүйрегі де жарамсыз болып, істен шыққан.

Бұл күнде аптасына 3 рет, 4 сағаттан арнайы аппараттың астында жататын Гүлжамиля бүйрек сұрайды. Жомарт жандардан ақшалай көмек сұрайды.Денсаулығы күрт төмендеген оны күйеуі тастап кетіп, ауруын бетіне басады. Екеуінің жолдары екіге айрылып, бауырларының көмегіне жүгінеді. Қашанғы оларға масал боламын, мен де өз еркімен өмір сүргім келеді, жұмыс істегім келеді деп көзіне жас алған ару соңғы үмітімен бізге келіпті.

Гүлжамиля Арынова, 1-топ мүгедегі:»Менің жасым жиырма бесте. Менің екі бүйрегім істемейді.Жасанды бүйрек аппаратына түсемін, аптасына үш рет. Құдай қаласа, менде жазылып, дені сау адам сияқты өмір сүргім келеді.Шымкентте маған көмектесетін жомарт жандар болса, көмектессе деймін. Шетел аспасам да, Алматыға барып ем алсам деймін. Бүйректерін бермесе де, ақшалай көмектессе деп ойлаймын».