Ақжардағы ағайын ауызсуға зәру

Ақжарлықтардың күндегі тіршілігі осы
Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр
Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Ақжардағы ағайынның жанайқайын тыңдайтын шенеунік табылмай жатыр. Төлеби ауданына қарасты Ақжар ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Таза суды тасып ішуден әбден шаршаған. Ауыл тұрғындары Шымкенттің іргесінде тұрсақ та, шелектеп су тасып, көштен қалдық деп өкпелі.

Ақжардағы осы құдық ауыл халқының «кездесу» орнындай. Жергілікті тұрғындар тәң сәріден бастап кешқұрымға дейін су алудың машақатымен жүреді. Ағысының түрі мынау.

Пернегүл Қанатова, ауыл тұрғыны: «Көрген күніміз осы. Сызылтып тұрамыз. Мына жерде адам деген осы. Балдар очередь бермейді».

Ауыл артизандарындағы суды татып болмай деп ауыл жұрты кейиді. Мықшыңдап су тасып, жерден таяқ жеп жүргендердің санын әсіресе қарттар құрайды.

Гүлжазира Жолдасбекова, ауыл тұрғыны: «Анау дөңге қарай шығамыз. Жол алыс. Мына жерлерде лай болады, жаңбыр болса. Әнеукүні ана жерде лайға құлап қалдым. Кеше мұнда тайғанаққа құлап қалдым, мұзға. Тіземді байлап, талай күн аурып жүрдім. Қиын болды бұл. Күніге су тасу-тасу-тасу. Қиналып кетесіңда. Жаныңа батып кетеді. Құтылатын күн барма екен осындай ауыр көтеруден».

Мұндағы ойын баласы да қазір балалықты қойған. Мектептен келсе болды, ауызсу алып қалайын деген міндет бүлдіршіндерді күйбеңге кірістіріп, есейтіп жіберген, өкінішке орай.

Ақжарлықтардың күндегі тіршілігі осы
Ақжарлықтардың күндегі тіршілігі осы

«Ақжар ауылында осындай үш құдық бар. Ауылджағы 700 отбасы күні-түні ағатын осы ақпа құдықтан су ішіп келе жатқанына 13 жылдың жүзі болып барады. Судың сапасы жөнінде тұрғындар ештеңе айта алмайды. Өйткені, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Бірақ тұрғындардың сөзіне сенсек, соңғы кездері ауылда тырысқақ, сарыауру ауруларына шалдыққандар көбейіп кеткен.

Ауыл әкімінен неге талап етпейсіз деген сауалға тұрғындар қазір мысқылмен жауап береді. Өйткені, Ақжар ауылы әкімінің қолынан ештеңе келмейді деп санайды. Әйтпесе, кезінде осы су үшін осы тұрғындар 10 мыңдап ақша жиған.

Гүлжазира апа, ауыл тұрғыны: «Ауылдың әкімінің пайдасын көріп жатқанымыз жоқ. Мына жақтан районнан келген әкімсдерін 2014-те балад деп жатыр суды, онда да болса деп жатыр суды. Болмаса білмейміз. . Біз білмейм. Айдалада қалған ауылмыз шынын айтқанда. Е газ жлоқ. Е су жоқ».

Бұл ауылға да кезінде су барады деп құбыр тартылған. Тіпті осындағы маңызды деген 11 көшеге 2007 жылдары ақ, орталық құбыр жетіп те қойыпты. Бірақ «таза су» бағдарламасының бұл арадан қазір жетім қалған құбырларын ғана көресіз. Іс аяқсыз қалған. Өйткені, тартылған ұңғыдан су шықпай қалыпты. Әкім осылай дейді.

Мырзагелді Манабаев — Ақжар ауылының әкімі: «БҰл жерде ешкім қарап отырған жоқ. Аудандық ЖКХ бөліміне ұсыныс берілген осы жөнінде. Мынау 2013 жылы телемұнаарның түбінен су насосын құрып жатыр. Сондықтан тамыз-қыркүйекте сумен 24 сағат қамтылады деген үміттемзі. Сндықтан сабыр түбі сары алтын».

Сабырдың түбі сары алтын екенін ауыл тұрғындары да біледі. Бірақ 2007 жылдан бастап 6 жыл бойы сабырлы болған халық сарғайып бітетін болды. Тамызға дейін түйткіл ретке келеді деп тағы сеніңіз. Әкімнің уәдесі бұл.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bJ1ht_jXTXk[/youtube]