Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 140 жыл

Ұлтына бар ғұмырын арнаған ұлы тұлға. Бұл қазақ тілі мен әдебиеттену ғылымының негізін салушы, перагог, аудармашы А. Байтұрсынов туралы айтылған. Зерттеуші ғалым, қоғам қайраткерінің биыл туғанына 140  жыл. Осындай айтулы датаны № 86  мектептің оқушылары Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітаханасында атап өтті.

Белсенді оқушылар  шараны А. Байтұрсыновтың өлеңдерін, шығармаларын оқудан бастады. Оның жүріп өткен өмір жолын, атқарған қызметтерін өзгелерге таныстырды. Бастысы мұра етіп қалдырған еңбектерін саралап, жүректен шыққан арнауларын оқып берді.

Балалар кітапханасында

Халқын өнер, білімді игеруге шақырған педагогтың «Қырық мысал», «Маса», «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Баяншы» атты кітаптары мен «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдері бар. Сонымен қатар нің мазмұны осыны танытады. И.А. Крыловтың, И.И. Хемницердің «Атпен есек», А.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» атты шығармаларын, С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударған.

Әдеби тарихи кеш соңында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты викториналық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар сұрақтарға жауап берді.