Тағы да ұшақ апаты! Алматыда «Скат» компаниясынаның «Challenger-200» ұшағы құлады. Анығырақ айтсақ, ұшақ Алматы әуежайы маңындағы Қызылту елдімекені аумағында апатқа ұшырады.
Бұл жайында суыт хабар сағат 14-00-де түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 13 жедел-көмек тобы аттанып, 3 көмек көлігі апат болған орынға жіберілген.
Бейресми мәліметтерге сенсек, апат «Кокшетау — Алматы» DV 760 бағытында болған. Ұшақ Астана уақытымен айтқанда — сағат 12-50-де Астана қаласына жетуі тиіс болатын.
Алайда, Алматы әуежайы бағыттың әлі күнге жетпегенін айтқан. Ұшақта 22 адам болған. Ұшак бортында 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған.