«Алтын қыран» сапа белгісі-білім басқармасына бұйырды

712
Марапаттау рәсімі
Марапаттау рәсімі
Марапаттау рәсімі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тағы бір жетістік. Бұл жолы облыстық білім басқармасының жұлдызы жанды. «Алтын қыран» халықтық сапа белгісімен білім басқармасы арнайы марапатталды.

Тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша 80 пайыздық дауыспен білім басқармасы тұтынушылар лигасының арнайы сертификаты мен дипломына ие болып, салтанатты түрде марапат табысталды.

Өткен жылы білімпаздарымыз республикалық олимпиадада 3-ші орынды иемденіп, облысымыздың мерейін үстем етті. Бұл басқарма тарихындағы елеулі оқиға болып отыр. Сондай-ақ балабақшамен қамтамасыз етуде еліміз бойынша өңіріміз жоғары көрсеткішке қол жеткізген.

Альбина Елшиева,облыстық білім басқармасының бастығы: «Тәуелсіз сарапшылар бізді осы марапатқа лайық деп тапқан екен. Өткен жылы еткен еңбегіміз еленгеніне ризамыз. Алдағы уақытта да сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етеміз деп ойлаймын».