Шымкент қаласындағы №39 жалпы орта мектептің 3 «г» сынып оқушысы Аяжан Талғатбекова республикалық «Ақ бота-2012» интеллектуалдық марафонына қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды. Бұл біздің сынып үшін үлкен мақтаныш болып отыр. Біз талабы таудай осындай құрбымыздың барына қуаныштымыз.
Әрине, бірінші кезекте сынып жетекшіміз Ақмарал Нұрымбетова апайымыздың еңбегінің, білім нәрін сіңдірудегі талапшылдығының арқасында деп білеміз. Ал сол білімді ақтап, ұстазымыздың үмітінің үдесінен шыға білген Аяжанға қандай марапат айтсақ та жарасқандай. Республикалық білім додасынан озып шыққан Аяжанға алда талай белестерді бағындыра бер дегіміз келеді.
Ізгі ниетпен – сыныптас құрбылары.