Бала асырап алайық!

Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
114-і жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр, ал 76-сы бөбектер үйін паналауда
114-і жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр, ал 76-сы бөбектер үйін паналауда

Мүмкін осылай ету арқылы жетімдердің көбеймеуіне тосқауыл болармыз. Әйтпесе, балалар үйінде тастандылар қатары артып барады. Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Оның 2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде. 114-і жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр, ал 76-сы бөбектер үйін паналауда.

Жетімін жылатпаған ел едік қой. Балалар үйіндегі бүлдіршіндер мына жарық дүниеге тағдырдың тәлкегін тарту үшін келмегені белгілі. Олар да аналық мейірімді, әкелік қамқорлықты аңсап жүр. Көздері жәутеңдеп Сізді күтіп отыр. Егер жағдайыңыз көтерсе, әлеуметтік ахуалыңыз мұрша берсе, балалар үйіндегі тастанды сәбилерді асырап алуға, бейкүнә балақайларға ата-ана болуға асығыңыз!

Ғалия Жүсіпова, ОҚО Балалардың құқығын қорғау департаментінің бастығы: әМемлекеттің негізгі саясаты республика бойынша жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің санын азайту. Сол себепті де біздің мекеме бұқараға түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізуде. Үкіметтік емес ұйымдармен, бірлестіктермен бірге өткізетін «Ризашылық», «Мектепке жол», «Асырап алушылардың күні» секілді іс-шаралардың нәтижесі өз жемісін беріп келеді. Бала асырап аламын деушілерге уақыт беріледі. Баламен ортақ тіл табысуға, бауыр басуға жағдай жасалып, арнайы психологтар ата-анамен де, баламен де жұмыс жасайды. Комиссия құрылып, асырап алушылардың балаға жасайтын жағдайы сарапталады.

Қазақ салты бойынша:

Бала асырап алу үрдісі қазақта ежелден-ақ бар. Нәрестелі бола алмаған ерлі-зайыптылар ата-анасымен ақылдаса отырып, баланы қайдан, кімнен асырап алатындықтарын шешеді. Қазақта сәби сүймеген шаңырақ бала асырап алса, бедеу әйел құрсақ көтеріп, бала тууы мүмкін деген ырым, сенім бар. Мұндайда олар әдетте, баланы ең жақын туған-туыстарынан, яғни, қаны бір, бір әулеттегі бауырларынан асырап алуға тырысады. Бала асырап алған ата-ана ол сәбиге үлкен жауапкершілікпен қарауға, ешқашанда өгейсітпеуге тиісті. Әрине, бұған кез келген отбасы келісе бермейтіні бар. Өз баласын өзгеге туысы болғанның өзінде бере қоймайтындар көп. Сондықтан да мұндай жағдайда балалар үйінен тастанды бейкүнә сәбилерді асырап алған жөн.

Айгүл Қасымбекова, ОҚО Білім басқармасының бас маманы

– Бала асырап алуға ниетті азаматтар бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша білім бөлімдеріне өтініш білдіреді. Акт түзу үшін екі өтініш тастайды. Содан тиісті құжаттардың тізімі беріледі. Барлық құжаттар жинақталғаннан кейін бала асырап алу процесі жергілікті сотта қаралады. Шешімді сот береді.

Қазақстан заңы бойынша:

Елімізде бала асырап алу заңы акт болып саналады. Бұл әлгі бала мен оны асырап алған ата-ананың құқықтық қарым-қатынасын айқындап береді. Бала асырап алу кәмелетке толмаған балаларға байланысты әрі солардың мүддесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. 1998 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» Заңы қабылданған-ды. Оның 12 тарауында бала асырап алудың тәртібі, құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңды міндеттері, жеке жауапкершілігі, тағы да басқа мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы Заң бойынша баланы асырап алу былайша жүзеге асырылады:

1. Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша баланы асырап алу ісі сотта қаралып, ол азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Заң бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балаларды, егер де ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика аймағынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етіледі.

2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде
2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде

Ислам діні бойынша:

Араб елдерінде де Ислам дініне дейін бала асырап алу кең таралған-ды. Алла Елшісіне (с.ғ.с.) Пайғамбарлық келместен бұрын осы әдет бойынша ол Зәйд бин Харисаны асырап алып, оны халық алдында өз ұлым деп жариялаған болатын. Содан ол халық арасында Зәйд Мұхаммедұлы деп аталып кетеді. Ол кезде асырап алынған ұл-қыз сол адамның баласы саналып, мұрагері болды. Ал халық Ислам дінін ұстанғаннан кейін арабтарда асырап алған баланы өзінің туған әкесінің атымен атау қағидасы орнықты.

Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам, менімен жұмақта екі саусақ сияқты көрші болады».

Бірақ та жетім балаларды асырап алғанда ата-тегі (фамилиясы) бар болса, шариғат шарты бойынша оны өз атына ауыстыруға болмайды. Олармен қарым-қатынас жоғарыдағы аятта айтылғандай, дін бауыр немесе дос сияқты болуға тиіс. Жалпы, Ислам дінінде бала сүю, сүймеу Алланың бұйрығымен болатын іс. Бұл жөнінде Құран Кәрімде былай деп айтылған: «Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа, қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді. Күдіксіз ол, толық білуші, аса күшті» («Шұғара» сүресі, 49-50 аяттар).

Олай болса, адам баласына ұрпақ сүйгізу, сүйгізбеу – Алланың ісі. Ұрпақсыздық – бақытсыздық емес, Алланың сынағы. Нағыз бақытсыздық – осы сынақтан сүрінуіміз.

03-026

 

03-027

Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

– Бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;

– Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;

– Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– Бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;

– Достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;

– Жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;

– Отбасы жағдайы туралы анықтамалар;

– Денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге, алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;

– Сотталмағаны туралы анықтама;

– Тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжат;

– Бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелуі керек.

Ардақ ЖАҚСЫЛЫҚОВА